« Винсент Ван Гогтың бейбітшілк монументі»

Винсент Ван Гог Голландияның Гроут-Сандерт қаласында 1853 жылы 30 наурызда  есігің ашқан болатын. Ван Гог отбасындағы ең алғашқы бала (қайтыс болған ағасын есептемегенде). Әкесінің аты Теодор Ван Гог, анасының есімі Карнелия.Отбасыларында 2 ұл, үш қыз тәрбиеленген. Ван Гогтың ата-анасымен қатар , аға-қарындастары сурет салумен айналысады немесе шіркеуде қызмет атқарады. 1869 жылға дейін, тіпті мектепті бітірместен, ол өз суреттерін сату мақсатында, кескіндер сататын фирмада жұмыс істей бастады. Шындыққа келетін болсақ, Ван Гог жұмыстарын жақсы сата алмады, бірақ ол сурет салуға деген шексіз сүйіспеншілікке ие болды, шет тілдерін де үйренуге бейімі болатын. 1873 жылы 20 жасында Ван Гог Лондон қаласына бет бұрады, онда ол бүкіл өмірін өзгерткен 2 жыл өткізді.
Ван Гог көбінесе өзінің импрессионистік пейзаждарымен және портреттерімен танымал,  бірақ сүретшінің натюрморттарына көп көңіл бөлінбейді. 1890 жылы, ол өмірінің соңына таяған кезде, ағасының жаңа туған баласына ерекше сыйлық ретінде «Бадам гүлін» тартады. Ван Гог жапондық принтердің үлкен табынушысы болған, ол кейде жапондық мәдениеттің кейбір стильдік ерекшеліктерін , яғни ашық түсті, қаралау келген кескіндер, гүлдеген ағаш бұтақтарын  және тағы да басқа элементтерді пайдаланатын.
Басында ,Ван Гог бұтақтарды  көбінесе вазадағы  натюрморт ретінде салған. Алайда, бұл бөлік анағұрлым жарқын, қызықты энергияға ие, өйткені ол бұтақтарды жұмсақ көк фонның үстінен бейнелеген, өзгермелі, ауырлық күші қосылмаған сияқты көрсетеді. Бұл  бұтақтар маржан тәрізді көрініс пен құрылымға ие, бұл гүлденген бадам ағашының  бөлігі су астына түсіп, көп ұзамай дәл осы сәтте малынып шыққан әсерге толы . 
Ван Гог , өзінің жиі аландататың  барлық  тақырыптарын көгілдір түспен бейнелейтін , көгілдір түс тыншытық пен көктемнің белгісі ретінде ой сыйлайтын,соның арқасында  бұл сурет қайта тірілудің, жаңа өмірдің және үміттің символына айналады. Оның бұл туындыға жиені үшін көп еңбек пен жан салғаны анық, өйткені бұл суретті сыйға берумен қатар, оны жасау Ван Гог үшін өте мәнді шақ болуы керек. Ол өзінің бүкіл ересек өмірін өзінің үйлесімсіз психикалық ауытқуларымен алысумен өткізді, сондықтан оның бейбітшілік пен тыныштықтың бұл өлмес сәтін елестету оның өміріндегі үлкен жетістік болды.
https://incatalog.kz/




Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок