Білімі мен біліктілігі қатар ұштасып, мерекелік кештер мен дүбірлі думандардың көркін қыздырып жүрген тәжірибелі жүргізуші, шоумен, Руслан Ысқақ - заманауи кештер мен заңғар қуаныштарды кеш иелерімен ақылдаса отырып, естен кетпес естеліктерге толы деңгейде өткізе біледі.
Көп жылдық тәжірибесіне сүйенетін Руслан қаймақты сөздері мен тұшымды ойларын кеш қонақтарының көзқарасымен сабақтастырып, бар кезде халықты шаршатпауға ыңғай жасайды. Татымды сөз, өтімді шоу, көңілді ойындар Русланның басты қаруы.
Басты мақсат халықпен халықты сабақтастырып, той төрін жандандыру. Ал керітартпа әзіл мен көбік сөзге мүлдем жаны қас. Нақтылыққа үйренген нар ұлдарын халық сол үшін де жақсы көріп, той төрінен жиі көргісі келіп жатса керек.
Шоуменнің жемісті жұмысы өз елімізде ғана емес алыс жақын шет елдерде де нәтижесін беруде. Атап айтсақ Дубай, Туркия, Қытай сынды өңірлерде де дүбірлі мерекелердің көшін бастаған.
Елдің еркесіне айнала білген епті жігіт ақындықтан да құралақан емес. Көптеген өнер жұлдыздарының ән мәтіндерін жазып, шоу бизнеске де үлес қосып жүрген бірден бір тұлға.
Эстраданың ерекше жұлдыздары танымал әншілердің көпшілігімен дерлік тығыз байланыста. Атап айтсақ Макпал Жүнісова, Беркут пен Айша, Қайрат Нұртас, Жігіттер квартеті сынды.
Өмірде де өнерде де етене әріптес, ерекше дос.
Елге еңбегі сіңіп жүрген белгілі тұлғалардың, жоғарғы лауазым иелерінің көпшілігі мерекелік кештерінің тізгінін тұрақты түрде Русланға ұсынады. Кейбіреуі өз туысындай көріп жай өмірде де араласуға қадам жасап ықыластарын білдіріп жатады. Бұл әрине адал өнер мен адамдықтың ұштасқан ұлы көрінісі шығар.
Өз жұмысына барын сала кіріскен Руслан осы уақытқа дейін 80 нен аса бағдарламалық ойындардың авторына айналып үлгеріпті. Бірінен бірі асатын көңілді ойындар шаттыққа шаттық қосып, мәртебелі қонақтарға естен кетпес естелік сыйлайтыны сөзсіз.
Әрбір мерекелік шара ұзақ дайындықпен келеді. Тіпті ерекше киім үлгісінің өзін кеш иесінің таңдау талабымен киіп, дикцясына баса назар аударып, кешті жоспардағы бағдарлама бойынша өткізіп жатады.
Бір сөзбен айтсақ ол - Руслан Ысқақ. Ешкімді қайталамай, өз даңғыл жолымен алты алаштың алғысын алып, арда жұмысын абыроймен атқарып жүрген азамат
Руслан Искаков – поэт, шоумен, ведущий и организатор мероприятий любого уровня. Харизматичный, обаятельный, искрометный, креативный ведущий, активный деятель event-сферы, талантливый поэт уже больше шести лет радует всех нас творческим подходом к работе и преданностью своему делу. Большой опыт Руслана позволяет ему провести на высочайшем уровне любое тематическое мероприятие от обычной клубной вечеринки до широкомасштабного музыкального фестиваля, шоу, концерта с участием исполнителей отечественной эстрады и звезд мирового уровня.
Индивидуальный подход, разработка оригинального сценария для каждого мероприятия, незаурядность и разносторонность сделали его одним из самых востребованных и популярных ведущих. Известный деятель event-сферы Казахстана провел сотни разных по тематике и уровню сложности мероприятий, сумев каждое из них сделать ярким, интересным, эмоционально насыщенным и запоминающимся.
Главные преимущества Руслана - четко спланированная программа и умение импровизировать. Обладая этими способностями, он легко создает феерическую атмосферу праздника на каждом своем мероприятии. Настоящее волшебство ждет всех, кому посчастливиться присутствовать на его шоу. Руслан Искаков – это не только профессиональный, опытный и талантливый ведущий, обладающий положительной энергетикой, это еще и человек, стремящийся к совершенству в своей работе.
Мероприятия с Русланом Искаковым – это шоу высокого, профессионального уровня!