Қайда кетіп барасың – қайран қазақ!

Most media / Культура и искусство 14-дек-2018, 11:07 0 1 235

Қайда кетіп барасың – қайран қазақ!

Қазақ десе көз алдымызға қазаны қайнаған, қорасың малы жайлаған, қонақжай халықты көруші едік. Ал қазірше , әрбір отбасының мойыныңда бір кредит , үйіне барсаң аса кетер малы жоқ, дүкеннен анау –мынау заттарға қарызға кіреді. 

Қазақ қыздары- қандай еді! Қос етек көйлек киген , өрілген ұзың бұрымы бар, көздері ботадай, сөздері жұмсақ нәзік жандылар еді. Қазір кімді көреміз көйлектері тізесіңе жетпеген,шаштары қызылды-жасылды, беттеріне қарасаң бір-біріне ұқсаған, қастары сызылған, жуып жіберсе өзге ғаламшарлықтар секілді, шошисың.

Қазағымның жігіттері арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты , мықтыға дес бермей, кіішіні силайтын – нағыз  намысты ер еді. Ал қазірше ауызыңа көкігеңі шешеден басталады.

-Ей , жігітім сол шешеден шыққан сен емес пе?  Әлсізге пана болып, ел қорғаны сен емес пе?

Бір сәт айналаға көз салайықшы , не көреміз бұрынғы тату-тәтті, малдас құрған, қазағым , қайда кетіп барады?! Жаныңда тұрған көршісінің де есімін білмейді. Аман жоқ, жәй жоқ бір –бірін көрмес кісідей. Жастарымыздың құлағы бітеулі,екі көздері телефонда, қасында кісі құлап жатса да, байқамайды. Айналаға мән беріп қараса , қанша жандар көмекке мұқтаж, болысып жіберу санағада кіріп шықпайды. Ең қарапайым, үлкен кісінің қолыңдағы ауыр сөмкесің тасып көмектесіп жіберсе де   бір мейірім сезілмей ме? Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірің қаңғытпаған, қарттарың қадірлегенел еді. Қазір не көреміз  80 мыңнан астам ананың ақ сүтімен мейірімінен айырылған балалар, ажырасқан жастар, 67 қарттар үйі.  Мұның бәрі қазақи салт-дәстүр , көне тәрбиенің таяз болып болып бара жатқаны. Шаңырақтың шайқалуы-  есіл дерті сәнді киім, сұлулық салоны болып кеткен сылқымдар мен ұрпақ жалғасы қадірің білмеген, намысы жоқ, безбүйрек, қысқа етектің соңынан салақтаған еркектердің кесірінен болып жатыр.

Бұрынғыдай балаға қарапайым дастархан әдебін үйрететін қариялар жоқтын қасы. Әйтпесе бәрі сол дөңгелек дастарханна, үйден басталады ғой. «ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» дегендей көне тәлім –тәрбие «бата берілмеген астан дәм татпа», «үлкен тұрып кіші   сөйлемейді», «үлкеннің алдың кеспе», «болар баланың бетің қақпа» деген қазақи тиымдар санаға құйылмай қайдағы достық силастық, мейірім ,өркендеп ел болу.

Бірі жеткен жетістікті бірі көрмей, іштарлық, қызғаныш біздің түбімізге жетіп келеді. Қолынан келсе де, ат тоның ала қаша жөңелетін жастар, бір –бірін сүйремей, толықтай дерлік эгоизмнің құрбаны болып кеткен. Оған не себеп , тағы да сол отбасыдағы тәрбие. Баласы далада ойнап жүріп төбелесіп қалса , татуластырып жіберетін шешелері, бір бірімен араздасып кетеді. Баласың еркелетіп ойыншықтарды алып беріп, өзің ойна, берме оған, сындырып тастайды деп, өзімшілдікке оздері үйретеді. Баланы жастан демекші керісінше ақыл айтып, асыл қазына кітаппен еркелетсе болар еді. Қазіргі уақытта кітап дүкендері мен кітапханадағы оқырман санының азайып бара жатқанын көріп жаның ауырады. Ал бұған не себеп интернет , түрлі көңіл аулайтын телефон бағдарламары. 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің  интернеттегі махабаттары «сүйем» «күйем» және сезімі жоқ смайликтер. Тіпті үялы телефоннан бас көтере алмай үй-ішімен тілдесуге шама – шарпы жетпей жатады.Осының барін көре тұра қалай күйінбейміз, жан тыныштығын ойлап кейде шырылдаған баланы телефонмен уатамыз.Кәріден жасымызға дейін интернетке тәуелді, 24 сағаттың 12 сағаты телефонмен өтеді. Осыдан кейін кімнің кімге уақыты жетеді.

Бұрынғыдай қазақи тәрбиенің иісі тіпті ауылды жерлерде де жойылып барады. Ел болып жиналып тойланатын наурыз мейрамы,  айт мейрамы да артта қалып барады.Қайда кетіп барасың –қайран қазақ? Талайлар аңсап кеткен тәуелсіздік осы ма еді ? Бірі интернетке , бірі кредитке тәуелді. Ертерек есімізді жиып ел болып , алға дамуға ұмтылайық. Қазақ салтымыз дәріптейік. 


Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок