Ұлттық тағам –бауырсақ.

Most media / Культура и искусство 12-дек-2018, 14:08 0 6 031
Қазақ xалқының дәстүрлі асxанасы құнарлы әрі пайдалы тағамдарға өте бай. Ол тағамдар пайдалы болып қана қоймай дәмділігімен көптеген адамдардың жеңсік асына айналған. Еліміз қашаннан да сүт өнімдерімен қатар ұннан жасалған тағамдарға  баса назар аударған.Тіптен " Ас атасы-нан ”деп нанның қадір-қасиетін айқындап берген. Қазақ асxанасында ұн өнімдерінен  жасалатын ұлттық тағам түрлері жетерлік. Солардың ішінде кеңінен танымалы ,әрбір қазақ дастарxанының төріне қойылатын ұлттық тағамымыз бауырсақ.
Бауырсақсыз қазақы дастарханның сәні жоқ.Бауырсақ бидай ұнынан жасалатын оңай әрі тез дайындалатын тағам түрі. Оны ұнды ашытып ия болмаса илеу арқылы дайындайды. Ашытылған бауырсаққа қарағанда иленген бауырсақ көпке шыдайды және  кеуіп кеткен кездің өзінде қытырлақ әрі дәмді қалпын бұзбайды.Иленген бауырсақтарды көбінесе жолға шығуға жиналған жолаушыларға салып береді. Бірақ та жиын тойларда дастарxан төрінен ашытылған бауырсақтарды көре аласыз. Себебі ашытылған бауырсақ жұмсақ әрі томпақ пішінге ие.Бауырсақтың тағы бір түрі ши бауырсақ .Ши бауырсақ деп аталу себебі бауырсақты кесіп алғаннан кейін,шиден шағындап тоқылған шыптаның бетіне қойып,бас бармақпен баса сырғытқан кезде шидің сызықтары түсіп ,ширатылып қалады.Бұндай бауырсақ түрлері майға піскен кезде қытырлақ қалыпқа енеді.Сондай ақ сіздер ашытылған бауырсақтарды түрлі пішіндерде кесіп, қуыру арқылы  жасай аласыздар.Мысалы үлкен,төртбұрыш  ішіндегі қамыры мол бауырсақтар немесе олардан кішірек қып-қызыл боп қуырылған ,іші қуыс домалақ бауырсақтар.Әр халықтың өзіне тән ерекшелігі болады .Біздің еліміздің де мақтана алатындай ұлттық құндылықтарымыз жетерлік.Солардың бірі ұлттық тағамымыз, бауырсақ екендігі сөзсіз.

Мұхамбетғали Көркем - Абылай хан атындағы  Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері  Университеті.
 

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок