Қазақ халқы тірегі-Ел Президенті

Most media / Культура и искусство 12-дек-2018, 12:59 0 786
Ел тағдыры, болашағы ең алдымен оның басшылығынан бастау алады. Әрине көркейуі, гүлденуі халықтың да міндеті ретінде саналады. Елдің қамын ойлап, әрдайым халықты қамқорлығына алатын Елбасымыздың сіңірген еңбегі жетіп артылады. Оған қоса Қазақстанның қарқанды дамуына үлкен үлесін қосты. Сондай Президент еліміздің бағына орай бере салған бақыты деп айтсақ қате айтпаймыз. 
1 желтоқсан Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Бұл күн - әлем тарихында тәуелсіз       Қазақ елінің іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген құрметі ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.
Бұл күннің шығу тарихына көз жүгіртер болсақ, сонау 1991 жылдың  1 желтоқсанында елімізде өткен алғашқы президенттік сайлау бірден еске түседі. Осы саяси шараны қаперге алған еліміздің жоғары заң шығарушы органдары 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мерекелеу туралы заңды қабылдаған болатын.Иә, 1991 жылғы 1 желтоқсанда елімізде алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен тұңғыш рет Президент болып сайланған еді. Ал бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы болғаны сөзсіз.  Елбасының Қазақ мемлекеті алдына сіңірген еңбегі, есте болса, 2011 жылы ел Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларациясында тайға таңба басқандай айқын жазылған еді.Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы - еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты  жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет басшысыныңжан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолында.
                                                                                                       
Автор Ақерке Мырзахан - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок