Отандық дизайнердің әлемі

Most media / Мода 12-дек-2018, 12:50 0 1 728
Қазақстандық дизайнер қазіргі таңда биік жетістіктерге жеткен Аида Кауменова сынды дизайнер отандық жұлдыздардың арасында өте танымал... Рret-a-porter de lux топтамаларын жасайтын Аида Кауменованың сән үйі бірнеше жылдан бері осы төл маркамен киімдер шығаруда. Бұл бренд қазір Қазақстанда және өзге елдерде танымал.
Carlo-Во италияндық сән мектебінен тәлім алған Аида, бұл мектептен кеткен соң ол өзінің Aida Kaumenova сән үйінің негізін қалады. Әрбір сән үйінің өзіндік қолтаңбасы болады. Бұл сән үйінің қолтаңбасы – сезімге толы шығыс әйелінің бейнесі. Топтамаларды көбіне шығыстық бағытта тігілген шапандар, ханшайымның тәжі, ұзын, нәзік көйлектер басым болып келеді. Ұлттық нақышты жандандырып, бүгінгі заман талғамына сай кең етек, бүрмелі көйлектерімен елге танылып жүрген белгілі сәнгер Аида Кауменованы отандастарымыз ғана емес, шетелдіктер де жақсы таниды. Ұлттық, этникалық стильді жаңғыртып жүрген сәнгер Kazakhstan Fashion Week және басқа да шетелдік сән апталықтарына үнемі қатысып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Тек жұмыс жасап қана қоймай, мықты бәсекелеске айналып келе жатыр. Ең бастысы, Қазақстандық fashion-индустрияға үлкен үлес қосуда. Әр елдің тарихы мен мәдениеті, он саусақтан өрнектелген киімдер тек отандық дизайнеріміз Аида Кауменованың топтамасында.

Ыдырысбекова Еркежан Нуржановна Журналистика 2курс КазУМОиМЯ

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок