Ұлттық киім – бай тарихи мәдени мұра

Most media / Культура и искусство 12-дек-2018, 12:36 0 13 047
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген.
Қазақ халқының ұлттық киімдері заманға сай түрленіп, қазақы сән үлгісіне күн сайын сұраныс артып келеді. Қазақша киім үлгілерінің даму тарихы еліміздің мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты. Әрбір халық үшін өзінің болмыс-бітімін айқындайтын  ұлттық киімдерін ұлықтау, оның өзіндік ерекшелігін сақтау, дұрыс киіну әдебін білу маңызды.  Қазіргі таңда ұлттық киімдерді сатып алу аса қиын емес. Ұлттық нақыштағы киімдерді тапсырыспен тігетін немесе алып-сататын фирмалар өте көп. Қымбат дүкендерден бастап базарлардан қалтаңыз көтеретін түрлерін таңдай аласыз. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді құрметтеу болашақ ұрпаққа артылған міндет. Осы күнге дейін жеткен ұлттық киім үлгілерімізді сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау сіз бен біздің міндетіміз. 

Бакиева Дильназ - 2 курс КазУМОиМЯ

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок