Сәнді киіну - шығармашылықтың бір түрі.

Most media / Мода 12-дек-2018, 11:14 0 1 361
Жас дизайнерлердің қатарына қадамын ақырын әрі нақ басып келе жатқан Рау Жиенбекованы жатқызсақ қате емес. Шоу бизнес жұлдыздарын сәнді әрі ерекше киіндіріп көзге түсіп жүрген дизайнердің бұл жұмысы бала кезінен келе жатқан арманы. Дизайнер ретінде Рау Жиенбекова сәнді әрі ерекше киінгенімен өмірде өте қарапайым және еңбекқорлығымен көзге түседі. Өзінің жас мөлшеріне қарамастан дизайнердің қазіргі таңда " Oblaka brand " атты брендтік киімдер дүкені бар. Рау Жиенбекованың киімдері шоу бизнес жұлдыздарының арасында ғана емес қарапайым халық арасында да өте танымал, себебі бағасы тиімді әрі сапасы жоғары.
Соңғы уақытта жастар Қазақстаннан шыққан өнімдерді жиі пайдалану үстінде сәнді дизайнерлік киімдері мен әшекейлер үлкен сұраныста, себебі Рау Жиенбекова сынды жас дизайнерлер жастарға ұнайтын, көңілінен шығатын дүниелер ойлап табуда. Жастарға ұнау үшін және заман ағымында болу үшін , жастардың не қалайтынын білу керек деген ұғымды ұстанатын сәнгер , шабытты жастардан алатынын атап өтті. Қазіргі уақытта дизайнер НТК "Ревю" бағдарламасының жүргізушілерінен бөлек танымал Ньютон тобын, жақында дебют жасаған Айдана Меденованың Өзге тобын сәнді дизайнерлік киімдерімен киіндіреді. Негізінен Рау Жиенбекованың киімдерін бірден тануға болады, өзіндік ерекшелігі бар дизайнерлік киімдер өзінің ашық қанық түсімен, қарапайым еместігімен көзге бірден түседі. Дизайнердің киімдері қарапайым емес, көбінесе сахналық немесе батыл адамдарға арналған, егер сіз батыл сәнқой болсаңыз Рау Жиенбекованың киімдері сіздің көңіліңізден шығатынына сенімдімін.

Абдеш Тогжан - 2 курс КазУМОиМЯ

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок