Алтын жүрек анамыз!

Most media 19-окт-2018, 10:45 0 2 566

Ана. Дәл осы сөзді құлағдар қылған мезеттен, көз алдымызға, қос жанары мөлдіреген,ақ жаулығы желбіреген,әлдилеп бесік тербеткен, махаббат пен қамқорлық символындай болған әйел бейнесі елең етеді. Ана жүрегі кандай,ана махаббаты қандай,ана бақыты неде? Иә,ана бақыты да, шапағаты мен қанағаты да –ол балада.Бала ананың бауыр еті,бала жыласа бірге жылап ,қуанса бірге қуанатын бірден бір асыл жан –ол ана. Сенің өміріндегі ең шыңшыл,табыстарың мен жетістіктеріне шын қуанатын адал дос- ол ана! Ана махаббаты шексіз , нақ жер шарындай шегін іздесең табылмас.


Әркез Күнекей күн сұлуын қаласаң да , сенікі , аспандағы айды сұрасаң да әперейін сенікі тек қана балам, біреудің ала жібін кесуші болма «мешкей жеген жақсы ат емес» соңы санаңа түй деп деп отыратын асыл-ол ана.Ана мейірімі мен шапағаты арайлап атқан таң нұрындай жарқын ,қызара батқан күн сәулесіндей сұлу. Ана жүрегі- алтын. Анадай балаға жанашыр қайнаған жазда жайқалған теректің көлеңкесі боларлықтай жан жоқ шығар шіркін! Аллаһ ананың жүрегін қандай адалдықпен , қандай мейіріммен, қандай намыс, қандай парасатпен жаратқан десеңізші! Жұмақтың кілті , ананың табанының астында демекші, ананың ризалығы Алланың ризалығы дейді. Дұрыс мен бұл пікірмен толықтай келісемін,себебі ана баласын тоғыз ай құрсағында тоғыз ай бауырында он сегіз жыл панасында, өмір бойы жүрегінде ұстайды. Ана жүрегі арманы мен азабын да ,қуанышы мен қасіретін де әнге сыйдыратын , сыйдырмаса көз жасын су моншактай тамшылатып ,төрт жақты орамалымен бір сүртіп , жаздай жайнап жайқала кететін , қарағайға тура біткен қазақ аруы. •Балжан Атагелді.


Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок