Жаңарған жерасты өтпелдері

Most media / Культура и искусство 19-окт-2018, 10:28 0 1 044

Жаңарған жерасты өтпелдері.


2018-жылдың 12-маусымында қаламыздың әкімі Бауыржан Байбектің ұсынысымен жерасты жолдарын жөндеу жұмыстары алға қойылған болатын. Қазіргі таңда 56 жерасты өтпелі бар, соның 48 жөндеуден өтті. Еске сала кетсек,  қала әкімі жерасты өтпелдерінде орналасқан сауда нүктелерін,  самса, дөнер сату орындарын бұзған болатын. Кейіннен қаңыраған туннельдерге жарық жүйесін енгізіп, бейнебақылау мен тегін wifi желісі,   орындықтар қою көзделген еді. Бұл жоба бей-жай қалған жоқ,  жобалық сметалық құжаттама сарапшыларының тарапынан оң бағаланып, бүгінгі күнде Алатау ауданында 4 жерасты жолына – ағымдық жөндеу, Алмалы ауданында – 11, М.Әуезов ауданында – 4, Бостандық ауданында – 12, Жетісу ауданында – 9, Медеу ауданында – 3, Наурызбай ауданында – 3, Түрксіб ауданында -2   жерасты жолында күрделі жөндеу жүргізілді. Осыдан 6 ай бұрынғы жер асты жолдары ғажайып көрікке еніп, қауіпсіздендіріліп, көздің құрышын қаңдырып отыр. Кезінде саудагерлерге толып тұрған Абай- Абылай хан жерасты өтпелі , қазір Ұлы ақын -Абайдың портреті мен нақыл сөздеріңе толтырылған. Сол сияқты Республика Сарайына қарсы орналасқан жер асты өтпелі жолдың қабырғасында «Жеті қазына» атты қазақ көшпендісінің жеті байлығы көрініс тапқан. Безендірушілер қабырғаға тек қана ашық түстерді қолдандық- дейді. Себебі ашық түс психологиялық тұрғыдан, адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды екен. 


Бұл қала тұрғындарының күйген тіршіліктен бір сәттік демалысы үшін ұйымдастырылған тағы да бір қамқорлық. Осы жоба аясына мемлекеттен 2,5 млрд көлемінде қаражат бөлінген. Тағы да айта кететін жайт жөндеу жұмыстары кезінде Достық- Қажымұқан көшелерінде «кун мен ғарышкер» бейнеленген бедер табылыпты. Бұл бедердегі мүсін Тоқтар Әубәкіровты еске салады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша 80- жылдарға тиесілі бұл туындыны,  90- жылдарда құрылыс жумыстары кезінде жабылып қалған. Және қазіргі уақытта бұл мүсін сақталып, керемет өнер туындысы болып отыр.


Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок