Майамиге дейін қолжетімді рейстерді қалай табуға болады?

Most media / Туризм 12-авг-2019, 13:08 0 663
Әдемі жағажайлары мен өзіндік атмосферасына қарап-ақ, Майамидің танымал туристтік жер екенін атап айту қиын емес. Дегенмен, саяхатшылардың тұрақты, әрі жақсы ауа- райын күткені- сонымен қатар, тыныш маусымнан ләззат алуды қиындататынын ұмытпау қажет. 
Жалпы, көп білген сайын, өзіңіздің Майамиге дейін нақты сапарыңызға тиімді ұсыныс табу оңайға соғады. Телефоныңызға әуе билеттердің бағасы жайлы хабарландыруларды қосып және орташа шығынды есептеу үшін бағытты қадағалап отырыңыз.
Тиімді рейсті іздеудегі ең үздік стратегия- сіздің жеке саяхат жоспарыңызға байланысты болып келеді. Егер сіздің саяхатыңыз белгілі бір уақытқа жоспарпарланбаған болса, онда күндер тізімін қарап шығу- тиімді келісімге келудің мүмкіндіктерін жоғарлатады.
Ал билетті қашан сатып алу – бүл басқа сұрақ. Неғүрлым ерте қарап қойсаңыз, соғұрлым өзіңізге ыңғайлы, әрі тиімді рейсті табуға мүмкіндіктеріңіз көбейеді. Әдетте, әуе билеттердің  бағалары ұшуға дейін бес- екі ай қалғандағы мезгілге дейін тұрақты болады, ал кейін бағыттың сұранысына байланысты өзгереді – не көтеріледі, не төмендейді. 
Әдетте бағалар өседі, бірақ әрдайым емес. Сондықтан да,  әуе билеттерге арналған  болжам секілді икемделетін хабарламалар мен қосымшалар керек кезде тіпті соңғы минутта сирек кездесетін ұсыныстарды табуға көмектеседі.
Бюджеттік әуе жолдар
Майамидің басты әуежайы – Майами халаықаралық әуежайында 50-ден астам әуе компаниялары қызмет етеді. Бұл жерде тек екі бюджетті тасымалдаушылар бар: «Sun Country Airlines» және «Frontier Airlines».
Алайда көптеген алып бюджеттік әуе компаниялар Майамидан 30 шақырымдық жерде ,Флорида штатында орналасқан Форт- Лодердейлге рейс жасайды. «Allegiant Air», «JetBlue», «Southwest Airlines», «Spirit Airlines» және  «Virgin America» Форт- Лодердейл халықаралық аэропортынан Голливудқа дейінгі рейстерге қызмет көрсететін қымбат емес тасымалдаушылардың бірі болып табылады.
Егер сіздің кестеңіз икемді болса (немесе бәрібір көлік жалдайтын болсаңыз), Форт- Лодердейлге ұшатын ұшақ сіздің Майамиге дейінгі саяхатыңызға үнемдеуге көмектеседі. Екі қала – Флорида Магистралі мен Штатаралық 95-ті қосып тұрған көпадамды дәлізде 30 шақырымдық сапар бір сағат немесе одан да көп уақыт алуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
Тиімді ұсынысты қайдан табуға болады?
Үздік ұсыныстар таңдау арқылы табылады. «Southwest» секілді кейбір компаниялар өзінің бағалары жайлы ақпаратпен бөліспейді. Сондықтан олар іздеу системаларында көрінбейді. Іздеуді сіз таңдаған онлайн –сервис бойынша өткізіп ( «Google Flights», «Kayak»,және «Momondo» сеілді пайдалы құрылғылар), кейін бағалар мен қолайлы рейстерді салыстыру үшін «Southwest» сайтына қайта оралу қажет.
Екі үлкен аэропорт бағаларының арасындаға айырмашылықты сезіну үшін, екеуінде де бар әуе билеттерді іздеп көріңіз.
Қашан сатып алу керек?
Майами- жыл бойғы танымал бағыт болғанымен, маусымның ең қызған кезі қыс  мезгілі болып табылады. Желтоқсаннан ақпанға дейінгі аралық- Майамиға дейін саяхаттың ең толы, әрі қымбат кезі. 
Майамиға сапардың ең арзан кезі ол- Тамыз айы, бірақ ол кезде жаңбыр мен тіпті дауылдың астында қалып қалу қаупі жоғары. Алайда, басқа бағытқа саяхатты жоспарлау секілді, мұнда да алдын ала жоспарлау сізге ұшаққа қолайлы бағаларды қамтамасыз етеді. Оған қоса, қарапайым күндердегі(сейсенбі, сәрсенбі,сенбі) саяхат сізге ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.
Ақырында, Майамиге билетті қашан және қайда сатып алу сіздің өзінізге байланысты болады: тек қана күндер емес, сондай-ақ, сізге жүктің керектігі (бюджетті компаниялар әдетте тіркелген сөмке үшін қосымша төлем алады) және қаншалықты жеңіл саяхаттағыңыз келетіндігі әсер етеді. Әрине, сіз 36-сағаттық аялдаумен біраз ақшаңызды үнемдей аласыз, алайда сіз шынымен де өзіңіздің демалысыңызды осылай өткізгіңіз келеді ме?
Сондықтан хабарландыруды орнатып, ұдайы билеттің бағасын қадағалап отырыңыз. Егер жолыңыз болса, сіз тіпті сатылымда лезде  Майамиге дейін ультра-арзан билет тауып алуыңыз мүмкін.



Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок