Эйфель мұнарасы жайлы сіз білмеген 12 факт

Most media / Культура и искусство 06-авг-2019, 11:45 0 1 799
Эйфель мұнарасы, немесе французша  «La Tour Eiffel» - әлемдегі ең танымал , әрі көрікті жерлердің бірі. Мұнара Парижде 1889 жылғы Әлемдік жәрмеңкенің басты орталығы ретінде және француз революциясының 100-жылдығын атап өтуге , әрі Францияның заманауи механикалық шеберлігін әлемдік деңгейде көрсетуге арналып салынған.

Мақсат  орындалды. Мұнараны Густав Эйфельдің құрылыс фирмасы екі жыл, екі ай және бес күн ішінде 7,5 мың тонна темір мен 2,5 миллион тіректерді қолданып салған. Эйфельдің ауыр еңбегінің соңғы нәтижесі Париждің көкжиегіне орын алып тұр және оның айқын келбеті бүкіл әлемде: Қытайда, Лас-Вегаста, Грецияда және, әрине, Парижде, Техаста кеңінен таралған.

1889 жылы ашылғаннан бері мұнара 250 миллионнан астам адамды қарсы алды және жылына шамамен жеті миллион адамды қабылдайды. Темір мұнараның бойымен көтерілген адамдардың таңқаларлық санына қарамастан,  әлі де сіз білмейтін құпиялар бар.

Мұнараның жоғарғы жағында құпия пәтер бар.
Густав Эйфель өзінің әйгілі мұнарасынің  сызбасын ойластырған кезде, ол Томас Эдисон секілді танымал адамдарды қонаққа шақыру үшін арналған  жеке пәтерді де қосуды ұмытпаған. Ал қазіргі күнде бүл пәтер көпшілік халық үшін экскурсияға дайын.

Шын мәнісінде,Гюстав Эйфель мұнараның сызбасын  әзірлеген жоқ.
Эйфель мұнараға ат қою құқығына ие болғанымен, шын мәнісінде, «Live Science» ақпараты бойынша, оның дизайны мен сызбасын салған  -  өзінің компаниясының  жұмысшылары- Морис Коечлин мен Эмиль Нугье . Екі инженер ескерткіштің жоспарын құру ушін француз сәулетшісі Стивен Совестрмен бірігіп,  ,Бүкіләлемдік жәрмеңкеге ең басты көрікті ескерткішті таңдау мақсатымен конкурсқа қатысты.

Эйфель мұнарасын 20 жылдан кейін бұзылуы тиіс еді.
Бұрын айтылғандай, мұнара Бүкіләлемдік жәрмеңке кезінде Францияның өнеркәсіптік шеберлігін көрсету ниетімен салынған болатын, алайда 20 жыл өткеннен кейін оны қайта бұзу  керек болатын. Бірақ, Эйфель мұнарада радио антеннаны және сымсыз телеграф таратқышты орнатқандықтан, үкімет бұл пайдалы мұнараны бұзбауды шешті.

Гитлер Эйфель мұнарасын жойып жіберуге бұйрық берді.
Германия екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Францияны басып алғанда  Гитлер Эйфель мұнарасын жойып жіберуге бұйрық берген болатын, бірақ бұйрық сол қалпында орындалмай қалды. Оған қарамастан, француз жауынгерлері өздерінің  қарсыластарынан  кектерін алды, олар мұнараның лифт кабелдерін кесіп тастады, осылайша фашистер туын көтеру үшін баспалдақпен көтерілуге мәжбүр болды.

Эйфель мұнарасы - Азаттық мүсінінің туысы.
Эйфель мұнарасы салынбай тұрып, Эйфель фирмасына «Азаттық мүсінінің» үшін ішкі жақтауын жасау жайлы сұраныс түсті. Бұл жұмыс оның сенімді қызметкері Морис Кохлинге жүктелген болатын.Осылайша олар бірінші кезекте «Азаттық ханымның» арқасында өздерінің еңбегін растады.

Эйфель мұнарасында пошта бөлімшесі бар.
Мұнараның бірінші қабатында сыйлық дүкендерінің жанында тығылған, кішкентай пошта бөлімшесі бар. Пошталық ашық хатты және мөрді алып, оны Эйфель мұнарасы пошта бөлімшесінен жөнелтіңіз және ол бірегей пошта белгісімен жеткізіледі.

Эйфель мұнарасы ғылыми зертхана ретінде ұлғайтылған .
Эйфель мырза мұнараның үшінші қабатында метеорология зертханасын орнатып, онда физика, аэродинамика бойынша зерттеулер жүргізді және аэродинамикалық құбыр  жасады. Эйфель эксперименттер үшін басқа да ғалымдар мен зерттеушілерге зертхананың есігін ашты, кейіннен бұл жерде  ғарыштық сәулелер табылған болатын.

Эйфель мұнарасы қозғалады.
Үлкен темір құрылыс желге төзімді болып келгенімен, дауыл кезінде тербеледі. Егер ауа-райы жаман болса, ол тіпті қозғала алады. Жел алып мұнараның қозғалысына себеп болатын жалғыз нәрсе емес, сондай-ақ,  күннің ыстығы мұнараға да әсер етеді, ол темірді  7 дюймге дейін кеңейтіп, немесе кішірейте алады.

Эйфель мұнарасында ғалымдардың аты  жазылған.
19 ғасырда жұмыс істейтін француз ғалымдары мен инженерлері  ұмытылған жоқ- олардың аттары тек Париж көшелеріне беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар,олардың  72-сі Эйфель мұнарасында да жазылған. Зақымданған жазулар жасырын қалған, бірақ қалпына келтіру жұмыстарының арқасында оларды  қайта көруге болады және қырағы көзді қонақтар темірде ойылған Фуко, Дюма және Перье сияқты есімдерді  көре алады.

Эйфель мұнарасы  жақсы келбетте болуы үшін көп жұмыс қажет.
Әрбір жеті жылда мұнараға шамамен 50 тонна бояу қолданылады. Бұл «Темір Ханымның» (La dame de fer) жақсы келбетін сақтап ғана қоймай, сонымен қатар темірді тот басуының алдын алуға көмектеседі.

Эйфель мұнарасының  астында әскери бункер бар.
Мұнараның оңтүстік бағанасының астында тарихтың біраз бөлігі –туннель арқылы жақын маңдағы әскери мектепке қосыла алатын құпия әскери бункер орналасқан. Бункер қазіргі таңда  шағын мұражайға айналды және туристік топтар бұл кішігірім кеңістікті тамашалай алады.

Жоғарғы жағында шампан бары орналасқан.
Егер сіз мұнараның жоғарғы жағына жету үшін жеткілікті батыл болсаңыз, онда жоғарғы қабатта орналасқан Шампан барынан өзіңізді шампанмен марапаттаңыз. Осынау биіктіктен керемет  көріністі  көпіршікті сусын бокалымен тамашалаудан артық не болуы мүмкін!



Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок