Жапонияға саяхаттау үшін ең қолайлы кезеңдер, шие гүлдеуі және тиімді бағалар.

Most media / Образование 05-авг-2019, 10:57 0 752
Жапонияға саяхаттау үшін қолайлы уақыт, келген кезде не істегіңіз келетініне байланысты – Хоккайдодағы қарлы демалыс, Окинавадағы жағажай демалысы немесе Токиода гүлденген шиені суретке түсіріп қайту.
Бұл елде жыл бойы ұсынылатын іс-шаралары мен фестивальдердің саны шексіз болғандықтан, онда кезкелген кезде баруға болады. Бірақ егер бұл қасиетті жерлер орналасқан  Киото немесе шие гүлдерінің қызғылт реңкке енген кезі болса, сіз жаңбыр маусымына немесе шие барлық қызғылт жапырақтарын жоғалтқан кезеңге түсіп қалмау үшін, саяхатты алдын ала жоспарлауыңыз қажет.
Жапонияға сіздің арманыңыздағы сапар үшін тамаша уақытта келу үшін осы нұсқаулықты пайдаланыңыз.

Жапонияға саяхаттау үшін ең қолайлы кезеңдер 
Жапония, аса үлкен болмаса да, таңқаларлықтай кең. Хоккайдоның суық қысы субтропикалық Окинава аралдарын көз жетпейтіндей алыс етіп көзсетеді. Егер сіз шаңғы баурайларына саяхаттамасаңыз, наурыздан мамырға дейін және қыркүйектен қарашаға дейінгі айлар әдетте елге бару үшін ең жақсы уақыт болып саналады.
Міне осы кезде, саяхатшылар қанық күзгі жапырақтарды немесе, екінші жағынан, дәл ашық хаттарда бейнеленгендей шие гүлдерін тамашалай алады. Сонымен қатар, бұл маусымда жауын-шашын мөлшері төмен, аспан ашық, ал температура өлшемі бірқалыпты орташа.
Әдетте Жапонияда жаз елдің көп бөлігінде жылы және ылғалды, бірақ туристік сапар сияқты табиғи экспедициялар үшін тамаша. Және де бұл фестивальдер маусымы болып саналады. Сондай-ақ, Жапониядағы қыс – қар спорты мен ыстық бұлақтар (onsen) уақыты. Әрине, ең солтүстік префектура Хоккайдо баурайларда шаңғымен сырғанау үшін ең жақсы орын, және Токио шегінен тысқары, мысалы Ниигата секілді аудандар, және Синкансэннен бірнеше минут жүріс жердегі тамаша тау шаңғы курорттарымен мақтана алады.

Шие гүлдеуін тамашалау үшін ең жақсы уақыт. 
Шие гүлдеуі маусымында Жапонияға баруды шешкен саяхатшылар үшін, гүлдеу күні жыл сайын ауа райы жағдайына байланысты. Наурыз айының соңында жылы оңтүстіктегі ағаштар гүлдейді, бірақ Саппоро секілді солтүстік қалаларда кем дегенде мамыр айына дейін қызғылт түсті көруді күтпеңіз. Егер сіз Кансай және Канто аймақтарында болсаңыз, гүлдеу үшін ең жақсы уақыт – наурыз айының соңғы аптасы немесе сәуір айының бірінші аптасы. 
Жапонияға бару үшін ең нашар уақыт.
Ауа-райы аймаққа байланысты болғандықтан, бұл Жапонияның бір ауданындағы жаман ауа-райы, басқа ауданындағы ашық аспанды білдіруі мүмкін. Жауын маусымы маусым айының басынан бастап шілденің ортасына дейін жалғасады. Дәл осы кезде, Хоккайдода жаз бойы бірқалыпты ауа температурасы мен ашық көк аспан.
Бүкіл әлем саяхатшылары Жапониядағы шие гүлдеуіне таңданатындықтан, сакура маусымы туризм үшін ең жанданған уақыт екені күмәнсіз. Жергілікті саяхатшылар сәуір айының соңынан мамыр айының ортасына дейінгі Алтын аптаны (Жапониядағы ұлттық мереке) пайдаланады. Бұл пойыздар, қонақ үйлер мен танымал көрікті жерлердің лық толы немесе алдын ала брондалған болуы мүмкін екенін білдіреді.
Егер қаптаған туристтер ағынына кезігуді қаламасаңыз, Жапонияда 2019 жылы Регбиден Әлем Чемпионатының және 2020 жылы жазғы Олимпиада ойындарының өтетінін еске ала жүріңіз.

Жапонияға бару үшін ең арзан уақыт.
Регбиден өтетін Әлем чемпионаты мен жазғы Олимпиада ойындарының тағы бір жанама әсері – бұл бағалардың шарықтауы. Жапония қазірдің өзінде аса қымбат орын болып табылады және өте үнемді саяхатшылар үшін емес, ал туристер ағыны рейстер, қонақ үйлер мен іс-шаралар үшін басқа туристтермен таласып қалатыныңызды білдіреді. Сапарыңызды алдын ала жоспарлаңыз және көбірек ақша үнемдеу үшін қысқы мерзімге жоспарлаңыз.
Қаңтар айының ортасынан наурыз айына дейін, ел қонақтардың ең аз санын қабылдайды, бұл ұшақ билеттері де, қонақ үй нөмірлері мен іс-шараларға да көп ұсыныстарды білдіреді.



Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок