Әр әйел оқуға тиісті кітаптар

Most media / Культура и искусство 30-апр-2019, 16:43 0 1 746
     Ешкім де мінсіз әйел болып туылмайды, мінсіз адам жүре қалыптасады. Оған себеп болатын өмірлік тәжірибе мен даналық толы кітаптар. Солай, кітап – тәрбиелеуші... Осы орайда оқырмандарымыздың сұрауы бойынша, әрбір әйел баласы оқуға тиіс кітаптар тізімін ұсынбақпыз. Тізімге әлем мойындаған, миллиондаған әйелдің көңілінен шыққан бестселлерлер мен редакция ұсынған ана тіліміздегі кітаптар еніп отыр. 
      Сонымен, егер кітап оқуды жаныңыз сүйетін болса, әрдайым ақылыңызға азық іздеу мақсатында әдеби кітаптар іздеп жүретін болсаңыз, төмендегі кітаптарды тауып алыңыз. Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды.
          Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік". Ж.Көбекбай. Ана болу – әйел баласына берілген үлкен бақыт. Жүктілік кезінде осы бақытты сезінумен қатар, болашақ ананың бойында үрей, көптеген сауал пайда болады. Міне, осы кезде қаншама келіншек кітап іздеп, ғаламторды шарлап кетеді. Және ылғи да қазақ тілінде қажетті кітаптардың жоқ екендігін айтып қынжылады. Мұның бәрі де артта қалды. Замандасымыз Ж. Көбекбай жүктілік пен босану туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітапты жазып шықты. Кітап әрбір адамға түсінікті, медициналық терминдер барынша аз қолданылған. Кітап төрт бөлімнен тұрады. «Мен болашақ» анамын!» атты бірінші бөлімде сәбидің құрсақтағы дамуы мен 40 апта көлеміндегі ана ағзасындағы өзгеріс толық жазылған. Босанар алдындағы дұрыс тыныстану, тамақтану, ауруларды азайту әдістері кітаптың «Босанудың бабын біл!» атты екінші бөлімінде жазылған. Егіз қыздың анасы Ж.Көбекбай жүктілік кезінде өз басынан кешкендерін «Ерекше жүктілік немесе менің күнделігімнен...» атты үшінші бөлімге орналастырған. Кітаптың қорытынды төртінші бөлімі қазақтың ана мен балаға қатысты ырым-тыйымдарына, түрлі этнографиялық түсініктерге арналған.       "Ұлпан". Ғ. Мүсірепов. Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Тізіміңізге Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын түртіп алсаңыз да артық емес.         "Идеал гардеробтағы 100 зат" ("100 вещей идеального гардероба"). Н. Гарсия. Америкалық беделді сән сарапшысы, "Marie Claire"басылымының фэшн-директоры Нина Гарсияның айтуынша, мінсіз гардероб – әрдайым маңыздылығын жоғалтпайтын 100 затты ауыстырып тұрғанда ғана пайда болады. Бұл тізімге киім-кешек ғана емес, аксессуарлар, әшекей бұйымдар, аяқ киім, косметика, иіссу да кірген. Сондай-ақ, заманауи бойжеткенге арналған психологиялық кеңестер де енгізілген.          Нағыз ханым. Әдемі үн мен стильдің ережелері" (" Настоящая леди. Правила хорошего тона и стиля"). Е. Вос. Мінсіз мінез-құлық кез келген әйел баласын тартымды, ақылды етіп көрсетеді. Заманауи этикеттің үздік маманы нағыз ханымға лайықты киімді, шаш үлгісін, аксессуарларды таңдауға көмектесіп, кез келген ортада өзіңізді сенімді ұстауға тәрбиелейді.          "Махаббат, қызық мол жылдар". Ә. Нұршайықов. Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алады.                                

Ақылжан Динара Бауыржанқызы

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок