Джиу-джитсу және Қыздар
Джиу-джитсу-Жапониядан келген ұрыс өнері. Жапон тілінен аударғанда- "жұмсақ өнер". деп аталады. Бұл Жапонияның жауынгерлік жекпе-жектері үшін пайдаланылатын жалпы атау, олар қарусыз немесе қару мен қолданатын ұрыс техникасын қамтиды. Бұл қоян-қолтық ұрыс техникасы, оның басты қағидасы еңбек ету және икемді жұмыс.
Бұл спорт түрі мен қазір бүкіл мемлекеттерде айналысады, және дәрежесі жоғары спорттық өнердің біріне айналды. Осындай ауыр спорт түрімен Қазақстанда тек ерлер емес өсіп келе жатқан жасөспірім қыздарымыз айналасуда. Джиу джитсу біздің елге кеш келгенімен бұл спорт түрін дамытып, жарыстардан жеңіс алып жатқан жастарымыз көп. Қыздар арасында джиу-джитсумен айналысатын сіңлілеріміз аз болғанымен. Жеңіске жетіп жатқан бірнеше батыр қаракөз қыздарымыз бар екенін мақтан тұта аламыз. Соның бірі, Мөлдір Мекенбаева - актриса, джиу-джитсудан әлем чемпионы. 1997 жылы Алматы қаласында туған. Республикалық физика-математика мектебін алтын белгімен бітірген, ал қазіргі уақытта Астанадағы Назарбаев Университетінде жоғары білім алуда.
Ақылымен көркі жарасқан спортсмен қызымыз өзінің жетістіктерімен елімізді қуантуда. 2016 жылы Мөлдир Абу-Дабидегі әлем чемпионатында джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. 2017 жылдың соңғы екі айында көптеген жарыстарға қатысты. Ал, 2018 жылдың қаңтар айында Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен бразилиялық джиу-джитсу Грэнд Слэм бойынша халықаралық турнирдің чемпионы атанды. Өзін тек спортта ғана емес өнер саласында да біраз танытып журген Мөлдір, актриса ретінде де танымал. Батыр қызымыз қазақ қыздарына үлгі көрсетуімен қуантады. Өйткені еліктегіш заманда жастарымыз күні-түні ғаламторда отырғанша пайдалы іспен айналысқаны жөн. Қазақ қыздарымыздың бір бейнесі тарихымызда да қалып қойған, қыздарымыз сол кезден бері ержүрек батыр болып келгені бізге мәлім. Джиу-джитсу спортының басты артықшылығы: денсаулық (жақсы физикалық форма), өзіне сенімділік, сондай-ақ өзін қорғай білу. Бұл жекпе-жек түрімен барлық қыздарымыз айналысса қандай әсері мол еді. Қыздар, табиғатынан әлсіз болып келетіндіктен көп жағдайда, өзін қорғай алмай жатады. Зорлық-зомбылық көрсететін еркектерден өзін қорғай алса ешбір қазақ қыздары зардап шекпейтін еді. Айтарым Джиу-джитсу әйелдерге өзін-өзі қорғау үшін пайдалы. Көптеген амалдар жасағанда өте көп позицияларды үйрене аласыз . Бұл тамаша фитнес және эмоциялық дәреже. Сіз жұмыс, отбасы, басшы туралы ойламайсыз, сіз бұл ойынмен әуестенесіз. Сондай-ақ, Джиу-джитсу тұрақты қарым -қатынас, өте мейірімді көңіл-күй және коммуникабельді спорттан құралады.
Тымбаева Ақерке