Ұялы телефонға тәуелділік

Most media / Техника и Технологии 16-апр-2019, 10:21 0 5 686
Ұялы телефондардың кең таралуы және олардың қол жетімділігі адамдардың ұялы гаджеттерге көбірек тәуелділігіне алып келді.  Көшеде жүргенде, сіз адамдардың қолында ұялы телефонсыз келе жатқанын сирек көруіңізге болады. Өйткен,і заман талабына сай 21 ғасырда ғаламтордың, түрлі технологиялардың дамыған заманында адамзат алдыға қалыспай келе жатқаны бізге мәлім. Бірақ, әр кездістірген адамды ұялы телефонға тәуелді деп айтуға болмайды. Өйткені  ұялы телефонға, гаджетке тәуелді адамдардың сүйікті құрылғысыз өмір сүре алмайтыны көрініп тұрады. 
Бұл бірінші көзқарастан сандырақ болуы мүмкін, бірақ қазіргі заманғы смартфондарға ие болу кез келген адамға қиындық туындырмайды. Өйткені ұнаған смартфоныңызды ақшаңыз жетпеседе, қолма-қол ала алмасаңызда оны өзіңізге тиесілі қылудың оңай жолы табылған. Барлық адамдар қанша көп несие алып қарызға кірсе де, заман талабынан қалысқысы келмейді. Сол себепті ұялы байланыстың өте күшті құдыреті бар сияқты.  Қазіргі таңда ұялы телефонға тәуелділікті  басқа психологиялық тәуелділікке ұқсас (шопоголизм, компьютерлік ойындарға құмарлығы және т.б.) ауруларға жатқыза аламыз. Мәселен, ұялы телефондарға құмарлық күйзелуге, өзін-өзі төмен бағалауға және тіпті психикалық бұзылуды тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, тәуелді жандар шынайы өмірде адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтады, олардың жақындарымен қарым-қатынасы нашарлайды. 
Ұялы телефонға тәуелділік белгілері:
Заманауи ұялы телефон-бұл тек байланыс құрылғысы емес, көптеген функциялары бар шағын компьютер. Көптеген адамдар өз өмірлеріне қажетті жұмыстарды оңай жасау үшін осы шағын компьютердің функцияларын пайдаланады, бұл қалыпты жағдай. Алайда, кейбір адамдар өз ұялы телефондарына толық  кіріп кеткендей болады. 
Қоңырау шала беру. Тәуелді адамдар телефон кітабында көрсетілген барлық адамдарға жиі қоңырау шалуы мүмкін.  Нақты әңгімеде олар жиі сөз айта алмайды. Екі сөздің басын құрастыра алмай, нақты не үшін хабарласып тұрғанын айта алмауы мүмкін.
SMS-Хат. Ұялы телефонның бұл түрі негізінен оқушылар мен студенттер үшін тән. Бұл қарым-қатынас түрі телефонмен сөйлесуден басым, тіпті қоңырау шалу жылдам және арзан тәсілі болса да. Тәуелді адамдар хат пен жібергенді жөн санайды.
Ұялы телефонды жиі жаңарту. Мобильді нашақорлар, әдетте, ұялы Индустрия әлеміндегі соңғы жаңалықтар іздейді. Олар әрбір жаңа гаджеттің өзінің телефонынан неғұрлым функционалдық және технологиялық ілгерілеу болғанын қалап тұрады. Сондықтан телефонды жиі ауыстыра береді. 
Ұялы телефон қасында болмағанда,ашуланшақтық симптомы. Егер ұялы нашақор үйде өзінің гаджетін ұмытса немесе ол бір себеппен қолжетімсіз болса, үрей пайда болады. Нашақор сыртқы әлемнен жабық болып табылады, ол бақытсыз және агрессивті болуы мүмкін;
Қоңырау күту. Ұялы телефон әрқашан және барлық жерде ас үйде, дәретханада, жатын бөлмесінде қасында бірге болады. Ол адам қоңырау шалудан қорқады, ол жиі телефон индикаторын тексере береді.
Денсаулықтың нашарлауына смартфонның тигізер әсері   мол. Өйткені ұялы телефонды керек кезіңізде қолданғаныңыз жөн. Белгіленген уақыттан тым көп отырмауыңыз керек, ұялы телефонға қалай тәуелді  болып қалғаныңызды байқамай қалуыңыз әбден мүмкін.

Тымбаева Ақерке
         

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок