Латын әліпбиі

Most media / Традиции 22-фев-2019, 17:31 0 1 021
Қазіргі таңда қазақ халқының назарын аударып отырған өзекті мәселелердің бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы. Еліміздің рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда. Елбасы таяу жылдардағы ең маңызды міндеттерді атап өтіп: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деді. Латын әліпбиіне көшудің, әлбетте, кейбір қиындықтары болады. Дегенмен, қиындықсыз өтетін реформа да болмайды.
      Енді латын тілі туралы халықтың көзқарасы, өскелең ұрпақтың сауаттылығы, енді ғана мектеп табалдырығын аттаған оқушылар бұл өзгерісті қалай қабылдар екен?!
      Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып , кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдамасы анық. 
      Ал латынға көшкен жағдайда, сөздер жаңа латын әліпбимен жазылғанда жұрттың бәрі оны жаңадан қабылдайды. Жаңа сөз ретінде, жазылуын орфографиялық норма ретінде қабылдап көзі де үйренеді. Бұл, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің, дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек.
      Жазу ауыстырудың плюсі де бар, минусы да бар. Плюсі – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екеніне дау жоқ. Сол арқылы біз қазіргі интернет желісінде ақпарат алуда ғылым, білім саласында осы кеңістікке көбірек кіріп, жастарымыз да тануға, тез оқуға, ақпарат алуға мүмкіндігі артады. Екінші жағынан, бұл – түрік әлемі мен Қазақстанның бірігуі. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты елдердің жазуымен бір болғаны – біздің еліміз үшін тиімді.
     Әрине, минус жағы да бар екенін ашық айтуымыз керек. Тәуелсіздіктің 20 жылдығының өзінде қазақ мектептерінде, жоғарғы оқу орындарына көптеген оқулықтармен қамтамасыз етілмей жатқан жағдайлары бар. Ал ертең жазу ауыстырылған күннің өзінде қазіргі латын тілінде жазылған бастауыш мектептің, орта мектептің, одан кейінгі жоғарғы оқу орындарындағы оқу құралдарын, көркем әдебиетті бір күнде аударып тастау өте қиынға соғады. 
                                                                      
Ақылжан Динара

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок