Биік өкшелі аяқкиім: артықшылығы мен кемшілігі

Most media / Мода 22-фев-2019, 17:08 0 1 767
Көптеген ханымдар өздерінің өмірін биік өкшелі аяқкиімсіз елестете алмайды. Бұл сән әлеміне өз үлесін қосады: бүгінгі күнге дейін, сахна төрінде, журналдарда, қызыл кілемдегі атақты адамдардың  бәрінде бар екені бізге мәлім!
Биік өкшелі аяқкиімнің ойлап табу тарихы жеткілікті.   Алғаш рет биік өкшені өз сызбаларында Леонардо да Винчи бейнеленген деген болжам бар,бірақ сол кезде бұл жоба өмірде өз қолданылуын таппады. 

Содан кейін француздар-Роже Вивьер және Раймоне Массаро, және итальяндық Сальваторе Феррагамо біз өкше енгізді, ал американдық ортопед Т. Роуз өкшенің бекітуіне өз жетілдірулерін енгізді.
Аяқ киімнің пайда болуы бүкіл әйел сәнінің өзгеруіне әсерін тигізді. Енді аяқ киім тек аяқ киімнің заты болудан қалды, әйел аяқтарының сұлулығын көрсету құралы болды. Өз тарихы бойы өкшенің биіктігі, пішіні, оның платформасы әртүрлі өзгерді, бірақ "өкшелі" аяқ киімге деген махаббат өшпеді және кеткен емес.
Биік өкше пайдасы
Биік өкшелі аяқ киімнің жақсы жақтарына келесі фактілерді жатқызуға болады:
Биік өкшеде жүру  аяқ бұлшық еттерін нығайтады. Егер осындай аяқ киіммен күніне 2-3 сағаттан аспайтын уақыт жүрсеңіз ғана.  Дегенмен ортопед-флеболог мамандары, биік өкшелі аяқ киімнің қай уақытта адамға зиян екенін дәл айта алмайды. Және бұл жерде әрбір адам ағзасының жеке ерекшеліктері маңызды.
Олар жалпақ табаннан құтқарады, ең алдымен, бұл аурудың кесірінен биік өкшелі аяқ киімді енгізген. Әрине, жалпақ табанның алдын алуға болады. Ол үшін жоғары емес биік өкшелі туфлилерді, 5 см артық емес және өте кең, жүру үшін ыңғайлы, әйел адамға ыңғайсыздық сезінбеуі керек. 
Мүмкін, Биік өкшелер жүріске жеңіл, талғампаздық, шапшаңдық береді. Көшеде жүрген сәтіңізде, сіздің киіміңізді, романтикалық қайталанбас бейнемен және талғампаздықпен толықтырады. Әйелдің өзін-өзі бағалауы артады, көңіл-күй көтеріледі, оның барлық өмірлік функциялары оңтайландырылады делінген.
Бұл жерде өкшенің толық болмауы, яғни қабыршақтар, балеткалар, сланецтер сияқты аяқ киім киюге болмайды, оларды үнемі кию жалпақ табанның дамуына ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер аяқ киімі үшін бұл факт ерекше маңызды.
 Биік өкше зардабы
Жоғары өкшелі аяқкиімдерді жиі пайдаланатын әйелдерде аяқ тамырларының варикоздық ауруы бар.
Биік өкшелі аяқ киімдерден аяқтар тез ісінеді, әсіресе,алдыңғы аяқ бөлігінде кернеу пайда болады, әйелдер аяқтың ұшымен  жүрген секілді көрінеді.Ұзын өкшеде ұзақ жүруіне байланысты икемсіз болады. Аяқ киімді ауыстырғанда созылу сияқты ауырсыну пайда болады.Биік өкше перпендикуляр орналасқан және табанның ортасына жақын емес болуының себебінен бұндай аяқ киім зиян деп саналады.
Әсіресе тар аяқ киім жағдайында аяқтың саусақтарына, қан ағымын түсуі баяулатылады және үлкен саусақтың буындарында вальгустық деформация әсерінен, сүйектер пайда болуына әкеледі.  Аяқтың саусағында пайда болған осындай сүйектерден құтылу өте қиын. Биік өкшеде жүрген кезде әйел тепе-теңдікті сақтай отырып, дененің артқы бөлігін артқа бұруға мәжбүр. Бұл жатырдың бүгілуіне, аналық бездердің жамбас қабырғаларына жабысуына әкелуі мүмкін. Ал біз өкше аяқ киімімен ұзақ жүргенде ішек төмен қарай жылжиды, қан айналымы бұзылады.
Әдемі әйелдер ол тек ғана әдемі келбет сымбатты мүсін ғана емес және әдемі аяқтар. Бұл таңқаларлық емес, бірақ аяқты дұрыс күту керек, олар сау сыртқы келбетке лайық.

Тымбаева Ақерке

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок