Махаббат жайлы жазатын поэт. Сүйікті ісіңмен айналыс Ли Бюнг-рюльдің саяхаты жайлы баяндайтын “Attracted” атты хикаясын миллионнан астам адам оқыды. Ал оның басқа оқылған кітаптары жайлы айтсақ, олардың есебіне жету тіпті қиын болмақ. Ли Бюнг-рюльдің Кореядағы оқырмандардың жылы ықыласына бөленген ең сүйікті жазушылардың бірі екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Поэт, радио жазушысы және баспаның бас атқарушы директоры уақытының едәуір бөлігін әртүрлі адамдармен танысуға бөледі.
Автор: Ким Самюель
Фотограф: Студио Кен
Тек ғана поэзия
Ли Бюнг-рюль жайлы жиі айтылатын қате пікірлердің бірі- оның мұра алу арқасында айрықша құқыққа ие болуы. Көптеген адамдар бұл ойға Ли Бюнг- рюльдің жиі саяхат жасау себебінен келді. Жоғарғы оқу орнында поэзияны зерттеген, сол поэзиядан көркем адебиеттегі мансабына жол салған және миллиондаған кітаптарды басып шығарған үздік жазушының мансабының осыншалықты жемісті болуы-таң қалдырарлық жайт. Поэттың ұқыпты шаш үлгісі және жұмсақ дауысы кез келген адамның жүрегін жаулап алатынына біздің күмәніміз болмады. “Жас кезімде қаржымен байланысты біраз қиыншылықтарға тап болдым. Бірақ сол қиыншылықтар мені өлеңдерді жазуға шабыттандырды. Менің шағармашылығым жыл сайын өтетін көркем әдебиет байқауында танылғанына дейін менде ешнәрсе болған жоқ. Менің жағдайым көпшілік ойлағандай табысқа қол жеткізу жолында емес, поэт болу арманын орындауға кедергі болды. Тіпті ішетін асқа қаражат таба алмай жүрген кезде менің алдымда жиі қиын таңдау тұрған: өлеңдерді әрі қарай жазу немесе поэт болу арманын ұмыту”,-деп поэт айтады.
Ли Бюнг-рюль мансап жолының бастауы жарқын болған жоқ. Поэт ретінде алғашқы рет жарыққа шыққаннан кейін өлеңдердің бірінші топтамасын шығаруға біраз уақыт кетті. Поэттің жүрегінде үлкен еңбекпен жазған өлеңдер оқырмандардың көңілінен шықпайды деген қорқыныш ұялады. Баспа оның өлеңдерін шығарудан бас тартқан кез де болды. Сонымен қатар сол уақытта адамдар поэзияға үлкен қызығушылық білдіре бермейтін. Дегенмен оның поэзияға деген құштарлығы өшкен жоқ, ол радиоға арналған скрипттерді дайындаған кезде өзін өлең жазғандай сезінді, өлең жазумен тіпті саяхат жасап жүрген сәттерде де айналысатын. “Мен өлеңдерімде өзімді мазалайтын ойлар жайлы жаздым. Мені сүйікті ісім әдеттегідей мектепке барып, әдеттегідей жұмысқа тұратын адамдардың ісінен ерекше болатын. Мен істеуге міндетті болған жұмысымды істедім және сол үшін көп еңбек жасап, тер төктім. Мен өз алдыма тек жақсы өлең жазатын поэт болу мақсатын қойдым, басқа істі таңдаудан бас тарттым, себебі поэзия- тұлғамның бейнесі”.
Поэттің өлеңдерге деген қызығушылығы жасөспірім кезінде пайда болған. Бюнг-рюль үшін сабақ оқуға қарағанда өлең жазу қызығырақ болатын. “Мен ұстазыма деген сүйіспеншлігімді өлең арқылы көрсететінмін. Ұстазым сол өлеңдерді сақтап қойған, және жуырда оларды маған оқуға берді, дегенмен жас баланың жазған өлеңдерін мен соңына дейін оқи алмай, мұғалімге оларды қайтардым.” Жасөспірім кезінде барлығындағыдай Бюнг-рюльді де алаңдататын ойлар болды, бірақ олар кедейшілікпен немесе балалықпен байланысты болған жоқ, олар поэзияға деген сүйіспеншілікке қатысты болды.
Жоқтыққа саяхатБюнг-рюльдің өмірі саяхатқа іспеттес. Ол 120 елге саяхат жасаған. Бюнг- рюльдің ұнатқан жерлеріне қайтадан бірнеше рет саяхат жасайтын әдеті бар, мысал ол Париж бен Саппоро қалаларында 30-дан астам рет, ал Венецияда 20 рет болған. Оның саяхаттары, достары жайлы ностальгиясы өлеңдерінде ұштасады. Менің алған тәжірибем маған өміріме ненің қажет екендігін және қандай шешімдер қабылдау керектігін анықтауға көмектеседі. Бұл менің өлеңдерімді және болашаққа деген көзқарасымды өзгертеді. Өмірде өзгерістер орын алу үшін біраз уақыт қажет. Қаражат жеткіліксіз болса да, оңаша уақыт пен кеңістіктің үлкен қажеттілігі жиі саяхаттауды талап етті. Бюнг-рюль 27 жасында Парижге саяхаттады. Поэт біраз ақша жинап, достарына Еуропаға саяхат жасайтынын хабарлаған, айлайда ол 2 жыл бойы елге оралған жоқ.
“Мен дискриминацияға тап болдым. Мені мәдениетттегі айырмашылық емес, үмітсіздік алаңдатты, мен мұны анық көрдім. Мен осы оқиғаларды басымнан жалғыз өзім кешірмегенде бұған көзім жетпес еді.” Парижге жасаған саяхаттан кейін Бюнг-рюльдің кеудесінде пайда болған жігер оған әрі қарай саяхат жасауға және өлең жазуға көмегін тигізді.
Алға жасалған үлен қадамБюнг-рюль үшін өлең болмайтын әлемді елестету өте қиын. “Мен ел аралаған кезде әдетте саяхат жайлы кітаптарыма арналған суреттерді түсіремін, бірақ мен осы іспен жиірек айналысқанда мүмкін оған да қызығушылығым оянатын еді. Осы себептен мен әлі күнге дейін саяхат жасап, өлең жазып жүрмін. Бұл маған адамдарды бақылап, оларды саралауыма мүмкіндік береді.” Оның адамзатқа деген сүйіспеншілігі оның керемет жазушы екендігін көрсетеді. “Шығармашылық адамның өзгеруіне ықпал ете алатын күшке ие болуы тиіс. Жақсы шығарма адамның іштей өзгеруіне, оның өмірлік бағытын және жағдайына әсер тигізе алады. Көшілік жүректі адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін ағза ретінде қарастырады. Мен өлеңдерімді осы ойды өгертетін, жүрекке жылу ұялтатын деңгейге жеткізгім келеді.”
Ол адамның ойында не болып жатқанын анық көріп, біледі.Ол өзінің қаламына “буче” деген атты берген, бұл желпуіш деген мағынаны білдіреді. “Сіз отты желпуіш арқылы тұтатқыңыз келсе, оны міндетті түрде жай ғана бұлғауыңыз қажет. Мен де өлеңдерім осылай әсер ететінін қалаймын. Олар адамдардың шынымен нені сезіп, қалайтытына ақырындап қана алып келуі қажет.” Ал жазушы болуды қалайтындар жайлы не айтуға болады? Ол бұл сұрақ жайлы ұзақ ойланды, себебі ешкімнің жүрегіне жалған үміт ұялтқысы келмеді. “Жазу және көпшіліктің сүйікті жазушысы болу оңай емес. Мен бұл жолды таңдау оңай еместігін және кейде тіпті үміттің болмайтынын білемін, бірақ сіздерге бәрібір талпынуыңызды сұраймын. Жазушылар жазбай жүре алмайды.”
Қанағат тұтарлық деңгейге жетпейінше тоқтамауТалқылау барысында жымиып отырғанына қарамастан, Бюнг-рюль “бақыт” және “жеңіс” деген сөздерді қолданудан өзін алшақ ұстады. Оның “Мен бақытты қаламаймын” атты өлеңі бұның айқын дәлелі болып табылады. “Қанағаттандырмайтын нәтижелер адамды жиі өзін ыңғайсыз сезінуіне әсер етеді. Адамдар дегеніне жетпеген жағдайда жиі қиналады, ойға батып кетеді. Осындай өкініш пен қынжылулар бақытқа алып баратын жолды үзеді. ” Бұл айтылған ойлар поэтті пессимист ретінде көрсетпеуі тиіс, бұл оның өмір мен ондағы бақыт пен жеңіс жайлы білдірген пікірі.
“Менің адам және жазушы ретінде өсуіме бірден-бір әсер ететін-махаббат. Бірақ мен өзімнен жиі сұраймын: бұл мені жай ғана баурап алған сезім бе әлде мені адам ретінде жақсы жаққа өзгеруіме әсер ететін нәрсе ме? Шындықты айтқанда, мен сүюге қарағанда жиі бұл сезімнің әсерін пайдаланатын адаммын.” Ол өмірлік жолында жалғыз жүретін адам және оның келесі рет қай елде табылатынын білмейміз. Бірақ біз бір-бірімізге келесі рет бір елге барар жолда көрісеміз деп уәде бердік.
Аудармашы: Кулбай Аружан