Мәдениет және өнер
2006 жылы қарашада басталған Босингак қоңырау шалу рәсімі биылғы 12 жылдығын атап өтуде. Доксугун сарайының корольді күзетшілерді ауыстыру рәсімімен қатар Кореяда шетелдік туристер арасында ең танымал оқиғалардың бірі.
Шин Чул-мин, 5-ші Босингак қоңырау шалу авторы
Тарих және мәдени мұра дивизиясының суреттері, Сеул Метрополитан үкіметі
Босингак қоңырау шалу рәсімі
Адамдармен шалынған рәсімдік қоңырау
Тарих бойына үн қататын болсақ, 1468 жылы Босингак ханшайым Синдокты еске алу мақсатымен құрылған Хынгчонсса храмында орналастырылған. Храм Синдок патшайымының қабірінің шығыс жағында орналасқан және мүмкін, сондықтан ол Чоненса храмы немесе Корольдік Мазары храмы деп те аталады. Көптеген жерлерге ауыстырылғаннан кейін, Босингак 1619 жылыЧонно Саджориде өз орнын тапты.
1963 жылы Корольдің No2 қазынасы ретінде тағайындалған Босингак қоңырауы наурыздың алғашқы тәуелсіздік қозғалысы күні, Азат ету күні және Жаңа жыл мерекесінде соғылады. 1980 жылы қоңыраудың денесінің жарықтарынан тек Жаңа жылда соғылатын. Азаматтар 1985 жылға дейін қолданылған жаңа қоңырау соғу үшін ақша жинау науқанын өткізді. Түпнұсқа қоңырау Гёонбокган сарайында уақытша сақталды, ал 2004 жылы Кореяның Ұлттық мұражайына көшірілді, онда ол әлі күнге дейін сақталып келеді. Қоңыраудың қоңырау шалынатын павильоны «Джонну» және «Джонгак» деп аталды, ал Босингак деген атпен алғаш рет 1895 жылы қолданылды. Оны Чосон дәуірінің 26-шы монархы Кинг Годжон солай атады. Ол адамдарға қоңырауды тыңдауға және өзара сенімге негізделген қиындықтарды жеңуге үміттенді. Бүгінгі күнге дейін Босингак ресми атауы болып келеді.
1. Босингак және оның қоңырауы адамдарға өмір бақи сақталатын естелік ретінде көріне отырып, жүздеген жылдар бойы берік тұрды.
2. Чосон сақшыларының киімін киген адамдар қоңырау шалып жатыр.
3. Босингак Сеул Чоннода Чонгак бекетінде метроның No 1- желісінде орналасқан.
4. Қатысушылар қоңырауды ұстап, тілек тілеп жатыр.
5. Кейбір жағдайларда, Босингактың алдында дәстүрлі ойындар мен көрсетілімдер көре аласыз,
6. Ханбок Корей дәстүрлі киімін Босингакта тегінге жалға алуға болады.
Адамдардың атынан
Сеул Метрополитан үкіметі Босингакта жылына 3 рет ресми қоңырау шалу рәсімін ұйымдастырады: наурызда Алғашқы Тәуелсіздік алу Қозғалысы күні, 15 таыз Азат ету күні, және Жаңа жылда. Қоңырау, сонымен қатар, тұрғындар ме туристтер атынан 2006 жылғы 21 қарашадан бері әр кеш сайын 12 рет соғылады. Кімде-кім қызығушылық танытып отырса, алдын-ала осындай ерекше қоңырау шалу рәсіміне қатысуға тіркеле алады.
Кореалық емес туристтер 11:40- тан кеш емес уақытқа дейін Босингакың 2-қабатында тіркеле алады. Бұл қоңырау кореалықпен 6 рет соғылады, және 6 рет сайтта тіркелген кореалық емес туристпен соғылады. Қоңырау шалу тәжірибесіне онлайн тіркелу Сеул Метрополитан Үкіметінің ресми сайтында жүзеге асырылады. Егер сізде онлайн тіркелу кезінде қиындық туындаса, Дасан хабарласу орталығына 120 номеріне толығырақ ақпарат алу үшін қоңырау шалыңыз. Есте сақтағаныңыз жөн. Қоңырау шалу рәсімі Киелі Жаңа жылда, Чусок мейрамында, ресми қоңырау шалу күндері және суық ауа райы жағдайында өткізілмейді.
Егер сіз ұоңырауды соғу мүмкіндігін ала алмай қалсаңыз, сіз қоңырауды ұстай отырып тілек тілеуге мүмкіндік бар. Ұоңырау 12 рет соғылғаннан кейін, келушілер 2-қабатқа қоңырауды қолмен ұстап көруге және оның вибрациясын сезіне отырып тілек тілеуге шақырылады. Сіз тіпті Кореяның дәстүрлі киімі Ханбокты киіп көре аласыз, тегін әрі барлық отбасы мүшелеріне өлшемдері бар. Әдемі дәстүрлі киім киініп, қоңыраудың күшін сезіну есте көп уақытқа дейін сақталады.
“Қоңырау шалу рәсімі Жаңа Жылдың басында сізді мақтаныш сезімімен бөлейді.”
Есте қалатын мұраБесингактың бесінші қоңырау үні соққанда, мен болашаққа жоспарларымды жасадым. Біріншіден, барлық азаматтар қоңырау соғуға мүмкіндік алған күнге дейін қоңырау шалу тәжірибесін ұсынамын. Екіншіден, Босингактың Лондондағы Биг Бенгке ұқсайтын танымал туристік орын атанғанын қалаймын. Үшіншіден, мен Босингак қоңырауды шалушы атағын Джо Джинхо үшінші қоңырау шалущы және менің қожайынымның немересіне тапсырамын. 170 жылдан астам уақыттан бері «Янгю Джо» кланы мүшелері осымен айналысады. Бесінші қоңырау шалушы функциясын атқару мен үшін үлкен құрмет. Сіз қоңырау шалу рәсіміне қатыссаңыз, Кореяда қоңыраудың дыбысы шыққан кезде жаңа жылдың басында мақтаныш сезіміне бөленесіз. Бұл тарихи Босингак мұрасы келешек ұрпақтарға берілетініне үміттенемін.
Баймұқаш Аида. Korea Magazine. 2018, Желтоқсан