Корея Инновацияны Реттеуге ұмтылуда

Most media / Традиции 11-фев-2019, 22:05 0 845
Саяси шолу
1-оқиға. Бір адамдық автоматты түрде басқарылатын дрон ойлап табылса да, ультра- жеңіл ұшу аппараттарына арналған ережелерге байланысты кез келген сынаққа оны пайдалануға тыйым салынған. Ол ережелер тек 8-топқа ғана қолданылады. Осындай ескірген заңдардың кесірінен бір адамдық автоматты түрде басқарылатын дрондар мен басқа да жоғары дамыған өнімдерді өңдеу мен зерттеулер жүргізу мүмкін емес.
2-оқиға. Диабетпен ауыратын жасөспірімнің анасына Кореядан тыс жерден рұқсат етілмеген, жаңадан ойлап табылған қан талдау аппаратын сатып алғаннан кейін, медициналық техникалар туралы заңды бұзғаны үшін жеті рет айып тағылған болатын. Ол аппаратқа заң бойынша қолдануға тыйым салынған. Бұл Корея үкіметі өнеркәсіптік өзгерістердің жаңа дәуіріне бейімделу жолында ескірген және қажеті жоқ заңдарды жаңартып, реформалауға уәде бергендіктен өзгереді.

                    Авторы: Сон Джи-э
                    Корея Инновацияны Реттеуге ұмтылуда
Төртінші Өнеркәсіптік Революция Дәуірі 
Ескірген тәртіптер инновациялық өсуді тежейді
Инновациялық технологиялар мен қызмет кӛрсетулер экономика саласында дамып келе жатырса да, ескірген тәртіптер олардың нарыққа келуін тежейді. Ӛнеркәсіптік жылдам ӛтпелі кезеңде кейбір қолданыстағы нормативтік актілер инновацияны тежейді, ал ол ӛз кезегінде адам ӛмірін ыңғайлы әрі қауіпсіз қыла алатын жаңа технологиялар мен қызмет кӛрсетулерді дамытуға және коммерциализацияуға кедергі келтіреді. Ескірген ережелерді азайту мен жою нарықта инновациялық субьектілердің қолдануға рұқсат беру арқылы ұлттық экономиканы кӛтеріп қана қоймай, сонымен қатар жоғарыда айтылған диабетпен ауыратын жасӛспірімнің анасы сияқты адамдардың ӛмірін сақтайды.
Ережелер инновациялануда
Қарқынды ӛзгеріп жатырған ӛнеркәсіптік ландшафтқа жауап ретінде Корея үкіметі ӛзінің инаугурациясынан кейін реттеуші реформаның қажет екенін жариялаған болатын. Мысалы: медициналық технология, кӛптеген ақпараттық және финтехнологиялар саласында.
Үкімет жуырда жаңа ӛнімдер мен қызметтерге қажетсіз нормативтердің мӛлшері мен кӛлемін азайту бойынша жаңа реттеу жоспарын жариялаған кезде алға тағы бір қадам жасаған болатын. Реттеуші күн тәртібі «инновациялық ережелерді» жаңа салаларда қолдануға бағытталған. Бұл нормативтік-құқықтық реформа шаралары үкіметтің жаңа технологиялар мен тӛртінші ӛнеркәсіптік революция кӛмегімен жаңа ӛсу қозғалтқыштарымен қамтамасыз етуге бағытталған «инновациялық, инклюзивті ұлт» құру кӛзқарасымен сәйкес келеді.
Жол үстін тазартуға қолданылатын материалдардың құрамына– қазіргі уақытта тек бояу, жарық шағылыстыратын пленка және жол шағылыстырғышпен шектелген – жарықдиод сияқты жаңа жарық шығаратын маркалар кіретін болады. Жолды салуға арналған материалдар да қазір уақыттағы заңға сай рұқсат етілген асфальт пен цементтен басқа полимерлі және пластикалық тӛсем сияқты жаңа ӛнімдермен кеңейтілмекші.
Дельтаплан, параплан және парашют сияқты 8-топқа жататындарға ғана қолданылатын, ультра-жеңіл ұшқыш аппараттарға арналған қолданыстағы ережелер тесттерден ӛту немесе зерттеу мен дамыту нысаны болатын басқарылып ұшатын дрондар, ұшатын тақтайлар мен Фьюжн Мэн ұшақтары сияқта заманауи заттарды қолдану үшін жаңартылмақ.
Үкімет сонымен қатар жылдық орташа есеппен 41% ӛсімі болатын, болашақтағы кӛп үміт күттіретін перспективалық салалардың бірі саналатын ӛздігінен жүретін кӛліктерге қатысты ережелер қарастырылатын жол картасын шығарды. 2035-жылға қарай күшіне енгізілуі керек жаңа реттеуші жоспар кӛмегімен 30 реттелуі керек мәселелер заңдар мен нормативтік актілерді қайта қарау арқылы жақсартылмақ. Әр түрлі ұялы телефонды қолданбау мен автотізбек құрмау сияқты шектеулер алынып тасталынбақ.
Бұл соңы емес
Үкімет болашақта басқа да сутегі, электр машиналары және энергетка сияқты жаңа салаларға да жол карталарын жасауға уәде берді.
Үкіметтің реттеу жүйесін реформалаудағы жасап жатырған шараларының арқасында нарықтық мекемелер жоғары дамыған ӛнімдер мен қызмет кӛрсетулерді тиімді қолдана алады. Инноваторлар жаңа салаларда жетістіктерге еркін түрде қол жеткізе алады. Халық үшін олардың ӛмір сүру деңгейі де инновациялық ӛнімдер мен қызмет кӛрсетулерге қолжетімділікті арттыру арқасында жақсармақ.
Нормативтік жаңартулардың артықшылықтары барлық жерде сезілетін болады, әсіресе, мемлекет бетпе бет келіп отырған жұмыссыздық дағдарысын шешу тұрғысынан алғанда. Тиісті реттеуші практика экономикалық дамуға ықпал етеді, ӛйткені ол инновациялық мекемелерге жаңа мүмкіндіктер ашады, ал ол ӛз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Инноваторлар, кәсіпорындар және жұртшылық ескірген және қажеті жоқ нормативтік актілердің шырмауынан құтылып еркіндік алғанда ғана біздер алдағы уақытта бұдан да жоғары экономикалық нәтижелерге жетуді жорамалдай аламыз.
1) Премьер-министр Ли Нак-Ен Кенгидо провинциясындағы зерттеу институтында былтыр қараша айында жасалған технологияларды қарауда. Ол бұнда ескірген нормативтік актілерді жаңарту мәселесі туралы жиналыстың тӛрағасы болған еді.
                    
Жаһандық Корея I
Мажарстан
Корейлік соус пен балшық құмыралардың тарихы
Мажарстанда азық-түлікті сақтау және ферменттеу, дәстүрлі Корейлік балшықтан жасалған ыдыстардың кӛрмесі ӛткен болатын. Азық-түлікті сақтау мен ферменттеу дәстүрі Кореяның ауа-райы мен географиясын, тарихы мен мәдени ерекшеліктерін кӛрсетеді. Кӛрме бірнеше ғасырлар бойы қолданылған дәстүрлі корей тағамдары мен Кореяда қолданылатын ыдыс-аяқтар мен балшықтан жасалған ыдыстардың байланысын толықтай таныстырды.
Кӛрме үш бӛліктен тұрды: корей тағамдары, сақтау және ферменттеу. Ол тек балшық құмыраларды дайындау процесін кӛрсетіп қана қоймай, сондай-ақ олардың шығу тарихы мен қызметтерін таныстырды. Сонымен қатар мультимедиялық платформа да болды, онда келушілер Онги ауылының шебер-қолӛнершісі Хо Джин Гьюдің балшық ыдысты қалай жасау керек екені туралы видеосын кӛре алады. Ол - No4 Услан қалалық орталығының Материалдық емес Мәдени Мұрасының жасаған шебер қолӛнершісі. Сондай-ақ Кореяның маңызды ферменттелген азық-түлігіні салынған балшық құмыралар мен ыдыстар қойылған қондарғалар жарларға ілінген.
Ферменттелген тағамдар сарапшысы Ли Ин-Джа дәстүрлі ашыту әдістерімен жасалған уыт күріші сияқты табиғи ингредиенттері бар ӛзінің біргей рецептін қолданып орамжапырақтан жасалған кимчиді қалай жасау екенін кӛрсетті. Кейін кӛрермендер жаңа дайындалған кимчидің дәмін татып, жоғары баға берді.
                    
Нигерия
Тосыннан жасалған сахнадағы корей қуыршақтары

Балаларға арналған «Мангтэ ата келе жатыр» атты корейлік қағаз стакандардан жасалған қуыршақ театры Нигериядағы мәжбүрмен кӛшірілгендерге, яғни солтүстік Нигериядағы «Боко харам» немесе басқа да лаңкестік ұйымдардың қатерінен қашқан адамдардың уақытша қауымдастығына арналып қойылған болатын.
Бұл лагерьдегі сынып бӛлмесі тек қаңылтыр шатырмен жабылған және үстелдері, отырғыштары, тіпті тақтасы да жоқ. Дәл осы жерде Корей қуыршақтар театры топтары балаларға күлкі сыйлау үшін оларды бӛлмеге біріктірген. Қойылым кӛрсететін жер - тегіс емес цемент едені, тӛрт қаңылтыр қабырасы мен шатыры бар, жарығы жоқ бӛлме. Қуанышқа орай, жаңбыр жаумай, қойылым ойдан жасалған сахнада болды, балалар еденде жайылған кілемде отырды.
Балалар оларға айтқанды тыңдамайтын, ерке, жылауық балаларды ұрлайтын құбыжық туралы айтқан кезде қорыққандарынан айқайлап жіберді. «бірінші рет пьеса кӛрім, ол қызықты да, қорқынышты да болды», «Ендігіден әрі анамның айтқанын тыңдаймын», «Мангтэ атайдың ӛмір сүргені рас па?», «Қағаз стакандарды лақтырмай, олардан қуыршақтар жасаймын» деген пьеса туралы ойлары олардың ақ ниетті екендерін кӛрсетті.
Қойылымнан кейін балалар қолӛнер сеансын ӛткізіп, қойылымдағы қуыршақтарды ӛздеріне жасап алды.
                   
Жаһандық Корея II
Афинадағы Корея Ұлтының Құрылу күні
Авторы: Катерина Лайкони, ардақты репортер Korea.net
Суреттер Korea.net сайтынан
                    
Корея Ұлтының Құрылу күні Грецияда мәдениет пен ӛнердің жаңа орны – Старвос Ниорск Қорының Мәдени орталығында (SNFCC) аталып ӛтті. Бұл ұлттық мереке - б.з.д. 2333ж Дан- Гунның алғашқы корей ұлтының негізін қалауын тойлауға арналған мереке.корея Республикасының Грециядағы елшілігі осы мерекені ӛткізіп, Греция және басқа мемлекеттердің саясат пен сыртқы істерінен бастап мәдениет пен экономика салаларының 400ден астам ӛкілдерін шақырды. Бұл жылғы шараның ең басты оқиғасы қадірлі қонақтардың келуі: Грециядағы Корея соғысының ардагерлері.
Қонақтар Кореяның заманауи және дәстүрлі жағымен танысуға мүмкіндік алды. Олар ханбок дәстүрлі киімін киіп кӛрді, ол соңғы кезде тек жергілікті тұрғындардың арасында ғана емес, сонымен қатар Кореяның ханбокты жалға беретін жердегі туристтердің арасында да танымал болуда. Сондай-ақ қатысушылар дәстүрлі тағамдардың дәмін татып, ӛздігінен теңіз балдырынан орама жасай алды.
Залдың басқа бұрышында қонақтар Кореяның танымал жерлеріне тасымалдайтын виртуалды шындық (VR) кӛзілдірігін кие алды. Алдыңғы қатарлы технологияларды ұсынатын виртуалды шындық ойынын соңғы бірнеше жылдарда Кореяның ірі IT-компаниялары дамытқан болатын.
Қонақтар ӛздерінің грек есімдерінің корей әліппесі Хангыльда қалай жазылатыны кӛрді. Хангыль 15-ғасырда ғалым Ұлы Седжон Корольдің бастамасымен жасалған. Хангыльдің мақсаты қарапайым адамдар арасында сауаттылықты кӛтеру арқылы байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік пен әділетсіздікті тӛмендету болды.
Корей әліпбиі қазіргі таңда әлемдегі техникалық және ғылыми-зияткерлік жазу жүйелерінің бірі болып табылады.
Корея Ұлтының Құрылу күнін Грецияда тойлау грек ардагерлерінің қатысуы мен Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы саммиттің бейбіт түрде болуына байланысты сәтті ӛтті. Бұл оқиға Корея мен Греция арасындағы байланысты мәдени және рухани жағынан күшейтті.
1. Корея Республикасының елшісі Ұлттық Құрылу күнін тойлау барысында қонақтарды, әсіресе, алда отырған Грекиядағы Корея соғысының ардагерлерін ерекше құрметпен қарсы алуда.
2. Қонақтар Кореяның IT-компаниялары жасап шығарған виртуалды шындық кӛзілдірігі арқылы Кореяның танымал жерлеріне тасымалданды.

Залелова Элеонора. Korea Magazine. December 2018 52-55-беттер (Hwando; Korea pursues regulatory innovation; The story of Korean sauces and crocks; Korean puppets on a makeshift stage; Korean National Foundation Day in Athens)

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок