Хвандо

Most media / Традиции 11-фев-2019, 21:48 0 897
                                              Хвандо
Ыңғайлы және бір жүзді жұмыр қылыш
Қарқынды технологиялық дамудың арқасында қару-жарақ әлемі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дамыды. Қылыш, найза, садақтар тапаншалар, артиллерия, зымырандар мен химиялық қару-жарақтармен ауыстырылды. Бірақ бұл дәстүрлі қару- жарақтардың қажеті аз немесе қауіпсіз дегенді білдірмейді. Бетпе-бет ұрыста өмір мен өлім арасында тұрғанда, қылыш - шабуыл мен қорғаныс үшін ең оңтайлы қару. Чосон дәуіріндегі бір жүзді Хвандо қылышы шайқастағы тиімділікке арналып жасалған қаруға басты мысал бола алады.
                    Жазған: Ли Ын-и, дизайнер & жазушы
Бүгінгі таңдағы қайта ашылу
Чосон дәуірінде (1392-1910) қару ретінде қолданылған дәстүрлі қылыш хвандо деп аталады, ол қынабындағы бау байлауға арналған хван шығыршығына байланысты осылай аталған. Әдетте, бұл дәстүрлі қылыштың ұзындығы 70 см, жеңіл және аздап иілген немесе тіке болып келеді. Бәлкім, жеңіл қылышты ұстауға алып келген бұл - жауынгерлердің ауыр сауыт киіп, садақ, жебелер мен қалқан алып жүруі болар. Олар бір қолына қалқан ұстап, екіншісіне хвандоны ұстаған. Бұл қажет болған жағдайда қылышты қынабына салып, садақты алуға мүмкіндік берген. 1592 жылы Жапондықтардың Кореяға басып кіру кезеңінде қылыш ұзындығы 90см болатын, бірақ кейін Чосон кезінде қайтадан қысқарған.
2017 жылы Корея-Ресей Саммитінен кейін президент Владимир Путин Президент Мун Джэинге кӛне қылыш сыйлаған болатын. 50см-дей болатын қысқа және қарапайым бұл қылыш Чосон дәуірінде жасалған хвандо қылышы болды. Ӛз елінде жасалған қаруды сыйлауға қарағанда қаруды ӛзінің шыққан еліне қайтару терең символикалық мәнге ие. Бұл дегеніміз сенім мен адалдықтың белгісі. Бұл сыйлық дәстүрлі корей қылышының қайта ашылуына алып келді.
Қолайлылық пен әдеміліктің үйлеімділігі
Телесериялдарда қылышты сабымен алға тағып ұстағанды жиі кӛрсеткенмен, негізінде семсерді белге немесе бүйірге тағады, сабы дене тұсында, ал қынабы алғы жақта тұрады. Бұл садақ пен жебе шайқаста басты қару болып табылатын жауынгерлерге қынап кедергі келтермей, садақты атуына мүмкіндік берген. Қылыш белбеуде ілініп тұрғандықтан оның бағытын оңай ӛзгертуге болады, және қылыш қынабынан оңай алынады. Бұл қарудың ең қолайлы түрі болған. Болаттан жасалған хвандо ӛте берік және сындыру қиын болған. Сабы мен қынабы акуланың терісімен қапталған, кендірден істелген немесе ағашқа арналған лакпен сырланған. Корольдің жақын кӛмекшілері болған генералдар қызғылт сары түсті қылыш ұстаса, қарапайым генералдар мен жауынгерлерде қара түсті қылыш болған. Кейде олар кӛркемдік құндылығын кӛрсету үшін алтын, күміс немесе нефритпен кӛмкерілген. Бұған басты мысал ретінде Сувон қаласындағы Хвасон музейінің дэмобогомді (daemobogeom) алуымызға болады. Оның сабы мен қанабы теңіз тасбақасының қауызынан қылыш жүзі қынап арқылы ӛтетіндей етіп жасалған және кӛптеген бағалы тастармен кӛмкерілген. Бұл оны хвандо қылыштарының арасындағы ең бағалысы етеді. 
1. Дэмобогомның сабы мен қынабы теңіз тасбақасының қауызынан қылыш жүзі қынап арқылы ӛтетіндей етіп жасалған (Сувондағы Хвасон Музейі) 
2. Бұл ұзын семсерді генерал Гвак Дже-и Жапондықтардың Кореяға басып кіру кезінде(1592-1598) ұстаған. Ол қарапайым хвандодан ұзынырақ және сәл иілген. (Uibyeong (Citizen Militia) Museum) 
3. Қылыш қолда сырғымасын деп сабы ағаш пен теріден жасалған. (Uibyeong (Citizen Militia) Museum) 
4. Генерал Гвак Дже-и қолын қорғауға арналған қылқан қолданған. (Uibyeong (Citizen Militia) Museum) 
5. Қынап шеттері металлдан жасалған және әлі күнге дейін бүлінбеген (Uibyeong (Citizen Militia) Museum) 

Залелова Элеонора Korea Magazine December 2018 34-35-беттер
                                                                

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок