Бір кездері бөктелген қағаз бетіне сурет салушы кішкентай бала - қазіргі таңда өз мекені мен шет елде "Өзгеріс" атты жұмысымен өзіне назар аудартқан аса танымал веб-мультипликатор. Әлемде мүмкін емес дүние жоқ. Оның өз фантазия экран бетінде қалайша суреттейтіндігін анықтап білейік.
Автор Юн Суэ Фотограф "Кенн" студиосы
Оқиғаға жан бітіретін - фантазия.
Чаң Джин Уон, веб-мультипликатор
Сізді осы істі жалғастыруға не талпындырады?
Мен ӛзімді тек сурет салумен ғана байланыстыра алатын сияқтымын. Басқасын тіпті елестете де алмаймын. Басымнан қиын жағдайлар ӛткен кездер болды: басқа мультипликатор менің суреттерімді кӛре ерекше ештеңесі жоқ деп айтқанын естігенім немесе конкурстан ӛте алмай, қиналып салған 7 жұмысымды қоқыс жәшігіне лақтыру керек жағдайлар болды. Дегенмен, ешнәрсеге қарамастан, осы күнге де жеттім және бұл ешқашан үмітімді үзбей берілмегенімнің арқасы. Веб-мультипликатор ретінде алдымнан шығатын қиын жағдайлар әлі де бар және бұл жағдайлар осы жұмыс барысының маңызды да, қызықты бір бӛлігі. Былайша түсіндірелік: сурет салып жатқанда, ӛзімді достарыммен футбол ойнағандай сезінемін. Неліктен мен бұл істен бас тартуым керек? Мен оқырмандармен араласқанды ұнатамын және мүмкіндігінше ұзақ араласқым келеді.
"Өзгеріс" атты жұмысыңыз нені баяндайды?
"Өзгеріс" ӛз еліме қарағанда шетелде , кӛбінесе әйел оқырмандырдың назарын тартып танылуда. Оқиға бір кездері танымал болған жігіттің найзағай соққысынан қыз балаға айналуынан басталады. Ақылға қонымсыз екенін білемін. Сырт келбеті қызға ұқсаған ер баланың қолайсыз әрі шиеленісті жағдайы - осы манганың бірден-бір ерекшелігі . Ол ӛзін іштей қалай сезінетіндігі және ӛмірде шын мәнісінде қолынын келетіндігін ойлай ішкі жан дүниесіндегі қақтығыстар себебінен кӛптеген қиындықтар мен сыннан ӛткен. Егер кімде-кімге қызық болса, бұл жерде жыныстық кӛзқарас туралы жасырын ой жоқ. Бұл әрбір оқырман кӛңіл-күйін кӛтеру үшін рахаттана оқи алатын оқиға.
Шабытты қайдан аласыз?
Жаттаңғы, таптаурын сӛз сияқты естілуі мүмкін , алайда күнделікті ӛмірде кезіктіретін барлық жайттар мені шын мәнісінде шабыттандырады. Тіпті мына сұбаттың ӛзін оқиға барысына енгізу қызық болатын сияқты. Менің қандай да бір алға қойған мақсаттарым немесе жұмысымда нақты жауаптар жоқ, оның орнына мен шексіз қиялдағанды жӛн кӛремін. Шынын айтсам, бір күні, жұмыс барысында, фотограф сәл артқа бір қадам жасауымды сұрағанда " Қоршау сыртына құлап түссем не болады екен?" деп қиялға беріліп кеткен кездерім болды. Осылайша ӛз санама бар мүмкіншіліктерді сынап зерттеуге мүмкіндік беремін. Ӛмірде әдеттегі нәрселер орын алғанда оқиғалар таңғажайып түрде пайда болады.
Идеялар таусылғанда не істейсіз?Мен ӛзімнің бұрынғы әдеттегі тәсіліме жүгінемін. Негізінен мен ӛз компьютерімде жұмыс жасаймын, алайда кейде менің миым шалдығып аздап бұлттанатын кездер болады. Сондай жағдайларда блокнот пен қаламды қолыма алып кереуеттін үстіне жатамын. Әншейін бірдеңені кездейсоқ шимайлағанда ойымда жаңа идеялар пайда болып маған жаңа жол сілтейді. Меніңше, бұл мектеп кезіндегі әдетімнен қалыптасып қалған сияқты. Сабақ тыңдап отырған кейіп танытқаныммен, шын мәнінде оқиғалар шимайлап ойластыратынмын. Ал ұстаздар болса, әрине, мені ынтызар конспект жазушы оқушы деп ойлады.
Күніне қанша уақыт жұмыс істейсіз?Әр кезде әр қалай. Мысалы, бүгін таңғы 7-де жатып күндізгі 11-де ояндым. Бұл аздап қарбалас болып кӛрінуі де мүмкін. Дегенмен, мультипликатор болудың жақсы жағы ӛз уақытында еш тоқтамастан үзбей жұмыс жасап, жобаны аяқтағаннан кейін толықтай демала аламын. Менің орташа жұмыс уақытым шамамен 15 сағат, ал аптасына ол 100 сағатты құрайды. Егер манганы ғаламторға онлайн жүктеу ережелері ӛзгертілгенде немесе біз, мультипликаторлар, кӛмекшілерді жалдағанда жұмыстың қарбаластығын азайтуға болар еді, алайда ол да оңай іс емес. Қатты таң қалып жүрмеңіз. Шындығын айтсам, 15 сағаттың барлығы да жұмысқа кетпейді. Кей кездері кӛңілім басқа веб-сайттарға ауып онлайн-шоппингпен айналысам немесе видео-ойындар ойнаймын. Ол ойынды тіпты ӛзімнің сурет салу құралдарыммен де ойнап кетемін. Сондықтан да «15 сағат» жұмыс істеу ондай нашар емес. Бұл сӛздерді ешкім білмес үшін сұхбаттан алып тастасақ қайтеді?
Мангалардан басқа нәрселермен айналысуға уақытыңыз бар ма?Мангадан тыс менің ӛмірімде орын алатын басқа нәрселердің жоқ екені рас. Менің инстаграмымның мангаға толы болғаны сонша, достарым маған хабарласып кӛбірек күнделікті қарапайым заттарды жүктеу керек екендігін айтады. Кәсібі мен жеке ӛмірлері арасында нақты шектеулер қойып ажырата алатын кейбір мультипликатор әріптестерімнің бар екенін білемін , бірақ бұл мен үшін қиын тәрізді. Менің ойымша, бұл әбрір адамның мінез- құлқына байланысты. Мен ӛз "жеке ӛмірімді" мангасыз елестетіп кӛріп едім, алайда онсыз мен мен емеспін. Мейлі жеке ӛмірімде не кәсіби ӛмірімде болсын , суретке салуға, мангаға толықтай берілгім келеді, немерелеріне ӛз оқиғаларын паш ете айтатын ата тәрізді мен де бар аудиторияны ӛзіме қарата алатын баяндаушы болғым келеді.
Не себепті мангамен айналыса бастадыңыз?Менің ағам сурет салумен айналысқан. Жай шимай ғана емес , шынайы оқиғасы мне кұрылымы бар карикатуралар. Ӛзгелерге әсерлі болып кӛрінбесе де, мен үшін олар жаһандағы ең қызықты кӛрініс болды. Оның кейбір жерлері әлі күнге дейін есімде. Суреттердің таңқаларлық болғаны сонша, мен оларды тек оқып қана коя алмадым. Ағамның суреттерін қайталап салып, енді міне осындайға қол жеткіздім. Жұртқа менің фантазиям мен идеяларым ұнайтын және сол жағымды пікірлер мені осы күнге жетеледі.
Болашақта тағы қандай мангалар салғыңыз келеді?Сурет салынған қағаздың, оның санына қарамастан, әрқайсысының жеке ӛзгешеліктері бар. Оқырмандарды терең ойға батыратын немесе философиялық үндеуі бар мангаларды оқу 5 жұлдызды қонақ үй мейрамханасының ас- мәзіріндегі түрлі-түрлі тағамнан дәм татқандай сезімге бӛлейді. Алайда бұл қысқа әрі жеңіл оқулыға арналған мангалардың маңыздылығы аз деген сӛз емес, ол тек әрқайсысының әртүрлі екенін дәлелдейді. Менің веб-мангам кез-келген адамның кӛңілінен шығатын кәмпит немесе кӛше бойында сатылатын тағам тәрізді. Алда әлі терең мәнді оқиға жазуға уақыт болатынын білемін, дегенмен қазір оқырмандарымның дем алып кӛңілін кӛтеруге мүмкіндік беретін кездейсоқ, күнделікті оқиғалар жазғым келеді.
Мультипликатор ретінде есте қалар қандай жайттар болды? "Ӛзгерісті" енді-енді шығара бастағандағы туған күнімді ешқашан ұмытпаспын. Қойылған мерзім бойынша үлгеремін деп, қатаң графиктің салдарынан достарым мен отбасыммен туған күнімді тойлай алмадым. Не себепті олай істегенім нақты есімде емес, алайда жұмыстың дәл қызу барысында сыртқа шығып ӛзіме туған күнге торт сатып алғаным есімде. Үстіне бірнеше майшам қойып, суретін Инстаграм желісіне салдым. Таңқаларлығы -сол суреттің астында оқырмандардың 2000-ға жуық жолдамалары жиналды. Бұл шынымен де ӛмірімдегі ең керемет туған күн болды. Егер де мен мультипликатор болмағанымда осыншама адамның назары мен қолдауына ие болмас едім. Ӛте разымын және оқырмандарымның қолдауын қадір тұтамын.
Болашақ мультипликаторларға айтар жолдауыңыз бар ма?Мультипликатор ретіндегі мансабым енді ғана ӛз бастауын алды, сол себепті ӛзімді кеңес беруге немесе жолдау айтуға лайықтымын деп
санамаймын. Әйтсе де, осы уақытқа дейін түсінгенім - ӛз жұмысымызды сүйсінішпен атқара білуіміз керек. Егер ӛз ой-санамызға ерік бере алсақ, сонда ғана қолымыздан бірдеңе келеді. Суреттен тыс, мультипликатор ӛз оқиғаларын баяндайды және бұл мәселеге келгенде ӛте тиянақты болу керек .Сонымен қоса бұл келешекте ӛз мүмкіншіліктеріңіз бен шеберлігіңізді ұштауға кӛмектеседі. Ӛз жұмысыңызға кӛңіл бӛліп сүйіспеншілікпен қарайтын болсаңыз соңында жемісін кӛретін боласыз. Арманыңызды жүзеге асыруға ешқашан да кеш емес. Оқырмандар жүрегіне қонатындай етіп ӛз оқиғаларыңызды қанаттандыра біліңіз.
"Оқырмандар жүрегіне қонатындай етіп өз оқиғаларыңды қанаттандыра біл." 1. Чаң Джин Уон мангалардың үлкен жанкүйері. Оның айтуынша, ӛзінің веб-мультипликатор ретінде ӛмір сүруіне мүмкіндік беретін бірден-бір нәрсе - мангаға деген махаббаты.
2. Шынайы ӛмірдегі мүмкін емес дүниеге суреттерде оңайлықпен жан бітеді.
Аударған: Ержігітова Ажар «Imagination lets the story fly.» 16 бет Korea Magazine December 2018