Әлемнің жеті кереметі

Most media / Культура и искусство 24-янв-2019, 22:47 0 3 715
Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда  пайда болған.Қазіргі заманға дейін осы жеті кереметтер  үшін әр әлемнен саяхатшылар ағылып келуде осы жеті кереметтер үшін.
Тадж-Махал
Ол - Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал кесенесі. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14 баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшыларды қабылдайды. 
Иса Пайғамбар мүсіні
Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000  адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христо мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілугеболады. 
Чичен-Ица ескертіші
Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады.
Колизей
Колизе́й (лат. Colosseum, итал. Colosseo) - амфитеатр, Ежелгі Римдегі архитектуралық ескерткіш (біздің заманымыздың 75 - 80 ж.). Құрылыс тас кесек, кірпіш және түрлі бетон қоспаларынан салынған. Колизей амфитеатры гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау мақсатында тұрғызылған.
Ұлы қытай қорғаны.
Қытайдың Миңәулеті (13681644) тұсында салынған құрылыс. «Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. ЗБ дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.
Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікір көп.
Зевс мүсіні
Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар.
 Орындаған: Ақылжан Динара

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок