Сіз білмеген қызықтар?

Most media / Культура и искусство 14-дек-2018, 11:14 0 1 121

Сіз білмеген қызықтар?  

Өскелең ұрпаққа арнап, ұланбайтақ даланың,  ұлағатты халықтың біраз  салт дәстүрін түгендеп анықтама бергім келіп осы мақаламды жарыққа шығармақпын.

Мақсатым – ата салтымыздың асыл мұра, алтын қазынасын жалпы көпшілікке, кейінгі жас ұрпаққа базарлық деп ұсынып, оны оқып үйренуді, өмірге енгізуді аманат деп қабылдап онымен бөліспекпін.

Өздеріңіз білесіздер қазіргі таңда көп салт, артта қалып аты аталмай барады. Соны біраз алға сүйреп дәріптегім келеді.

Және де бәрін бір мақалаға сиғызып, жеткізу мүмкін емес. Сол себепті мен  бірнеше бөлімге  бөлсем бе деп шештім. Бірінші  бөлімде балалар туралы салт -дәстүрге жол берелік.

Айдар- балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Бұрын  ел  бұл   ғұрыпты көп қолданған. Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады,  ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып  ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл,  тұлым да  қойылады.

Байғазы (дәстүр). – балалардың,  жастардың жаңа киімі үшін берілетін  ақшалай,   заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы  жоқ.

Жұмалық(дәстүр) – бұрынғы кездерде дәріс алып жүрген балалар молдаға арнап жұма күндері оған арнаулы сыбаға  әкелетін болған.  Жамбыл айтқандай молдалардың жұма күні « жұмалық» дәметіп отыратындары да болған.

Иткөйлек (ғұрып) .Ырымшыл халқымызда баланы «қырқынан» шығарылғаннан кейін  оның  көйлегіне тәтті түйіп, оны иттің мойнына байлап жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы «ит көйлекті» шешіп алып , тәттісін бөліп жейді. Көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. Иткөйлектің шығуы ит мойнына байланғандығында ғана емес, оны жеті қазынаның бірі деп , әрі баламыз көп болсын деген ырыммен асасып жатыр.

Көгентүп- бір – біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: қозы, қой, бұзау, бота, құлын, тайлақ. Бұл бала үшін сый ,қуаныш болса, оның ата-анасына үшін  құрметтеудің белгісі  десе де болады. Көгентүп  беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттарының   бірі.

Тұлым қою- баланың    кішкентай кезінде шашын өсірмей екі   шекесіне екі  шоқ  шаш қояды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және ол сәбиге лайықты ғұрып.

Тымаққа салу- ел арасында « шала туып тымаққа салып өсірген екен»  деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы болады . Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы   саналады.

Тыштырма – сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбек  тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты,  тышты» деп ырым жасайды. Кейін әйелдер ырымдап бөлісіп алып,  бала шағаларына үлестіріп береді.

Шідерге сидіру – қазақ халқы  бала 4-5 жасқа толғаннан кейін, сүндеттеу,  ашамайға мінгізу, тігін тігу,  жүн түту сиякты еңбекке баулым,  ұлттық әдет- ғұрыптарды түсіндіріп,   оны жүзеге асыра бастайды. Соның бірі еркек балаларды шідерге сигізу. Бірнеше адам бас қосып  балаға «сен енді азамат болдың,  шаруаға ыңғайлы бол» деп бата беріп,  алдына шідер тастап,  оған сигізеді. Бұл ырым бала еңбекқор  малжанды, іске бейім болсын деген тілекпен жасалады. Шаруаға икемсіз жігіттерді « шідерге симеген» деп ұрсады.


Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок