«Данхобак джук» - Қызғылт-сары, кремді, қысқа арналған тәтті

Most media / Традиции 21-фев-2019, 15:32 0 1 159
Данхобак джукты әдетте корейлік тәтті асқабағынан жасайды, сонымен қатар әйгілі кенттік асқабағынан немесе «кабачковая тыква» дан жасайды. Корейліктер айтқандай «денеңе пайдалы заттардың дәмі - ащы», бірақ бұл асқабақ ботқасы туралы емес. Кішігірім дайындау процессінен, асқабақтан денсаулығыңызға бар пайданы аласыз. Ол қан айналымын жақсартатын және иммунитетке пайдалы А, С, Е витаминдеріне, калий және бета -каротинге бай. Сонымен қатар, заманауи адамдардың тамақтану рационында жетіспейтін талшықпен тамақтана отырып, оның калориясы аз болғанымен, қарынды тойдырады. Оған қоса данхобак джук қабынуды басады, және әдетте босанған әйелдерге, қалпына келу үшін қолданылады. Оның құрылымы мен қоректік құндылығы, оны керемет нәресте тамағы етеді. Данхобак джук шынымен барлығына – кішкентай нәрестелерден ата-әжеге дейін арналған тағам. Оның ғажайып тәтті дәмі, десерт ретінде әзірленуіне мүмкіндік береді , бірақ оның әмбебап дәмі денемен ойды жылытатын тағам ретінде де қолданыла алады. Бұл тағамды әэірлеуге сізге тек асқабақ және күріш ұны керек, сондықтан неге жасамасқа? Жақындарыңызға бір тегене жылы ботқа жасаңыз, сіздің махаббатыңыз осы тағамда еріп кетеді.
Айнаның энергиясы жарық түсті сары апельсиндей
Айна Өзбекстаннан келген, дегенімен ол корей тілінде өте жақсы сойлейді. «Мен Кореяға орта мектеп оқып жүргенде келген болатынмын, мен өспеген мәдениетпен сіңісу қиын болды, бірақ қазір менің өмірім орын алып жатқан үйім деп атаймын». Айна губка секілді проактивті нұсқауларды сіңіріп алды, сондықтан жаңа тіл мен мәдениетті тез қабылдап алғаны ғажайып емес. Оның қызыл сары түсті ботқадай жарық энергиясы, ас үйге және бүкіл сыныпқа күлкі алып келді. «Корё сарам ретінде менің анам кішкентай кезімнен корейлік мәдениет пен мұралармен таныстырып келген. Мен корейлік тағамдармен таныспын, бірақ ешқашан өзім үшін жасап кормеппін. Менің ойымша анам бұл тағамды ұнатар еді». Мүмкін анасын емдеу деген керемет ойымен, ол сыныпта өте мұқият болды. Шебер қолдарымен, бәрін ас үйде екі ұстаз болғанындай ойға әкелді.
Кішкетай егжейлерге назар аудару маңызды
Оны жасау оңай, бірақ кішігірім егжейлер дәмін әлде қайда жақсартады. Тастай асқабақты кесудің керегі жоқ. Микротолқынды пеште оны 5-4 минут жылытып алсаңыз, оны кесу әлде қайда оңай болады. Асқабақты кескеннен кейін, дәні мен қабығынан ажыратныңыз. Туралған асқабақты жұмсарғанша буда ұстаңыз. Асқабақты сумен араластырыңыз және сұйық ботқа болғанша блендермен езіңіз. Сұйықтықты орта мөлшерлі кастрөлге құйыңыз. Оны кастрөлде көп ұстамаңыз өйткені ол жартылай піскен. Келесі кезең - ұн қосу. Ол үшін ұн мен суды бөлек ыдыста араластыру керексіз. Ақырындап ұнды кастрөлге құйыңыз. Тағам жабысып немесе күйіп кетпес үшін араластырып тұру қажет. Бұл тағаммен қатар біз, кексті күріш шарларын жасадық. Бұл кекстер корей тілінде «sae al» деп аталады, ол құс жұмыртқасы деген мағынаны береді. Олар расындада кішкентай құс жұмырқаларына ұқсайды. Оны жасау үшін қайнаған жылы су мен күріш ұнын араластып, қамырды илеу керек. Біз үлкен бір қамыр жасадық, оны илеп, жылан секілді формаға келтірдік, содан кішкентай бөлшектерге кестік. Кішкентай шарлар қатты болу керектігін мұғалім ескертті. Біз оларды ботқаға салмай, бөлек ыдыста пісіріп алдық. Жұмыртқалар піскенде судың бетіне көтеріледі. Дайын жұмыртқаларды ботқаға саламыз. Сае ал ды жасап коргеннен кейін тағы тамақ әзірлеуге құштарлығың ашылуы мүмкін. Дайын тағамға асқабақ дәндерін және кептірілген финик қостық. Тағамның түсі көзге жағымды және пайдалы болып шықты.
Бүкіл жол бойы тәтті!
«Тәтті, маған ұнайды!» деп айқайлады Айна ботқаға бал қосып. Айна сияқты өзіңіздің талғамыңызға сай ботқаға бал немесе қант қоссаңыз болады. Егер маусымдық піскен тәтті асқабақ таба алсаңыз, ешқантай қант керек емес, тек асқабақ. Дүкендерде сатылатын дайын данхобак джук тым тәтті, асқабақтың дәмін сезу қиын. Сондықтан өзіңіз жасап, мөлшерлеп қосқаныңыз жөн. Бұл тағам өте қоректі және шынымен табиғаттың емі болады. «Бұл кремді қызғылт- сары зат менің аузымда еріп барады. Ол сондай жеңіл, мен оны жей бергім келеді» . Біз Айнадан үйде әзірлеп көре аласыңба деп сұрағанда, жауап әрине ия болды! «Менің ойымша бұл менің анамды таңқалдырады. Менің үйімде асқабақ бар, анама ұнайды деп сенемін». Ол өзінің корейлік тағамдар тізбегін үлкейткісі келеді, және данхобак джук өте жақсы бастау болды!

December 2018, Kasymkhan Karlygash.  

Журнал "Most Media" - это интернет площадка которая создана с целью дать возможность как профессиональным, так и начинающим журналистам блогерам публиковать свои авторские статьи на свободные темы, а также PR-статьи, рекламирующие деятельность бизнеса, активный отдых, занятия спортом, здоровый образ жизни.
Все статьи, размещенные в журнале MostMedia индексируются в поисковых системах Google, Яндекс и выходят в топовые позиции по поисковому запросу, что дает возможность выводить PR-статьи размещенные в журнале MostMedia в лидирующие показатели по их просмотру.

Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок