Тері қатерлі ісігін анықтау: Неліктен жоспарлы тексеру барлық жағдайды өзгерте алады

ЖУРНАЛ EXPOMODЗдоровье 29-янв-2020, 15:48 0 301
2006 жылы сәулетші Эрик Уорддың бетіндегі меңнің дерматолог байқаған болатын. Сол кезде оған меңнің қатерлі ісік емес екенін айтты , сол кезден кейін ол оған ешқандай назар аудармады.
Бірақ бірнеше айдан кейін Эрик лимфа түйіндерінің ісінгенін байқады.
«Мен бұл суықтан пайда болды деп бірнеше айлар бойы кетуін күттім», - деді ол.
Суық кеткеніменде , лимфа түйіндері әлі ісініп тұрды.
Эрик ақыры Бостондағы Массачусетс Госпиталіндегі меланома клиникасына барғанда, оның мойнында ісік бар екенін айтты. Дәрігер оны алып тастау керек деді, бірақ бұл қатерлі ісік екенін хабарламады.
Бірақ оның нәтижесі жақсы болған жоқ.
Эриктің мойынының бойы лимфа түйіндерінде агрессивті меланомаға толы болды.
Осылайша Эрик мойын аймағындағы барлық лимфа түйіндерін алып тастау үшін екінші операция жасады. Дәрігерлер оған рак ауруын тоқтату үшін меланома клиникалық зерттеуіне қатысуды ұсынды.

Өмірді құтқаратын сынақ
Клиникалық зерттеулерге химиятерапия және интенсивті биохимиялық терапия, оның ішіне дәрі-дәрмектердің бірнеше түрлері енгізілген болатын.
Эрик бір апта ауруханаға барып, химиялық инфузия алып, содан кейін үш апта демалатын.
Ол емдеудің үш кезеңінен өтті, бірқатар жанама әсерлерді бастан өткізді; олардың арасында химиотерапиядан шаштың түсуі, шаршау, әлсіздік және қызықыты ойларда болатын.
«Бұл өте қиын болды», - деп еске алады Эрик. Инфузия арасында ол мүмкіндігінше жұмыс істеді және отбасы мен достарымен қалыпты өмір сүруге тырысты.

Қатерлі ісіксіз өмір сүру
Эриктің дәрігерлері оған меланома қайтып келу мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Менің дәрігерім денемнің басқа бөлімдерін қарау керек деді. Сондықтан мен кез-келген уақытта ауырған кезімде немесе тіземде аздаған ауырсыну болса, меланомаға байланысты ма, білмедім», - деді Эрик.
Дәрігерлер мойынға ота жасағаннан кейін оның нәтижелері жағымды болды.
«Олар маңызды бір меланоманы алып тастаған болатын», - деді Эрик.
Ол 10 жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен ауырмады.

Содан кейін не болды?
Эрик қатерлі ісік ауруының қайтып келуін қаламайды.
Ол мүмкіндігінше күн сәулесінен және терісінің күн күйуінен аулақ болуға тырысады. Ол басқа адамдармен өз ауру туралы мәліметімен бөліседі.Ол достары мен отбасы мүшелеріне олардың денелеріндегі кез-келген меңге көңіл аударуларын өтінеді.
Бір қызығы, Эрик күн шуақты ауа-райын мүлдем ұнатпайды. Ол бұлтты және тұман болатын Портлендте (Орегон) өсті.
«Мен ешқашан күн шығатын жерде көп уақыт өткізген емеспін», - дейді Эрик.
Бос уақытында ол әлі де теннис ойнау, серуендеу және итімен серуендеу сияқты таза ауада өткізілетін іс-шараларды ұнатады. Бірақ ол әрдайым баскиімді киюді ұмытпайды.
«Енді менде жағажайға бармауға сылтауым бар», - деп күледі.




Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок