Коко Шанель

ЖУРНАЛ EXPOMODОдежда 21-окт-2019, 15:19 0 743

Адам көркі шүберек демекші, бәрімізге мәлім болғандай, киім – ол, адам қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғану мақсатында киетін өнім екендігі белгілі. Біз киім дегеніміз не? деген сұраққа жауап іздегенімізде, жалпы қалай сәнді киінуге болады деген сұрақты да қарастырып өтеміз.  Осы мәселе бойынша, жүздеген кітаптар жазылған, көптеген фильмдер түсірілген, бірақ әлі күнге дейін адамзат сан түрлі функциялар мен сәннің көптеген жаңа түрлерін ойлап тауып келеді.

Дизайнерлер - бұл сән әлемінің атақты, бізге сән үрдісінде тенденцияны анықтап сәндік стандартты көрсететін тұлғалардың бірі болып табылады. Әр дизайнер өзінің бірегей стилімен, әйгілі және танымал. Олардың кейбіреулері осы сән және стиль әлемінде, нағыз аңызға айналып жатады. Олар оны қалай істеді? Бәлкім, оларға жай бақ қонған шығар немесе бұл өмір бойы терлеп-тепшіп еңбек етіп, өз армандарына берік жандар ма? Оларды атақты еткен не?

Коко Шанель, Сәнгер, туған кезіндегі есімі: Габриэль Бонхёу Шанель

Дизайнер Коко Шанель әлемге кішкентай қара көйлек, Chanel  5 иіссуларын , және 20-шы ғасырдың бүкіл әйелдер киіміне әсер еткен классикалық ұғымдағы стильді берді.  Коко - «кішкентай үй жануары» деген лақап атты білдіретін - ол балалар үйінде тәрибеленіп, сонда тігіп үйренді. 1910 жылы ол өзінің меншікті дүкенінде бас киімдер сатуды бастады, және 1920 жылға қарай оның сән бизнесі, оның жеке тоқыма фабрикасы және атақты  5  парфюмерия желісімен кеңейтілген болды.Шанель әйелдерден корсет стиліндегі сәнді және күнделікті, практикалық киімді, еркектер сән әлемінен маталар мен көзқарастарды алған болатын. Ол қара түсті сәнге енгізген  бірінші болды. Оның жан-жақты, жартылай ресми «кішкентай қара көйлегі»  Шанель сауда белгісі және тұрақты сән стандарты болды.

Шанельдің даңқы бірте-бірте, жойылып бара жатқан еді,соғыстан кейінгі сән негізінен Баленсиага және Диор үйлерінің қолында болды,. Алайда, 1953 жылы ол Парижде өзінің салонын  қайта ашты, бір жылдан кейін ол өзінің меншікті сән үйін құрды. Онда жергілікті газеттерде сынға көп ұшыраған еді, алайда ол оларды елемеді. Оған, оның даңқын қалпына келтіру үшін небәрі үш жыл қажет болды. Осылайша, 70-жастағы әйел қайтадан өз стиліне үстем ете отырып, сәннің бүкіл идеясын өзгертті. Ұлы Сәнгер Парижде Ритц қонақүйінде 1971 жылы қайтыс болды. Оның стилі әлі сән тарихында ең әсем болып саналады.





Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок