Мода сөзі әдетте киімнің үлгісін білдіру үшін қолданылады. Киім үлгісі дегеніміз көпшіліктің қабылдайтын, не ұнататын, болмаса қаражаты жетіспеуінен немесе өзінің жеке ойының калыптаспауы себебінен қолдары жете бермейтін киімдердің түрі.
Алайда, мода сөзі тек қана көйлектер мен шаш үлгілеріне байланысты емес, сонымен қатар үйлерге, түрлі құрылыстарға және де күнделікті қолданылатын заттарға, тіпті машинадан бастап ас үйдің құрылғыларына да қолданылады. Бұл мағына дәстүрге де, жеке адамның қылықтарына да және қалыптасқан түсініктер мен жүріс-тұрысқа да қолданылады. Ол тіпті тілде қолданылатын сөздер мен түрлі акценттерге қатысты.
Жалпы алғанда, кейде көйлек, кейде тіпті дәстүрдің өзі де өте тез модадан шығып кетуі мүмкін, одан кейін айқын белгілері болмаса да қайта айналып келіп, сіздің айналаңыздан орын алады. Өкінішке орай, бұл белгілердің уақытын айқын болжау мүмкін емес.
Батыс елдерінде киім үлгілері соғыстан кейін өзгере бастапты, бұған себеп бар адамзаттың сапалы өмірге құлшынысы, әсіресе бұл құлшыныс Еуропа елдерінде жоғары болған. Мысалға, Англияны алсақ, соғыс жылдарына дейін мода байлардың және бай әйелдердің монополиясы болған. Егер әйел орта жалақыға жұмыс жасаса, ол киімнің әдемілігіне қарап емес, оның жылуына сонымен қатар қаншалықты ұзақ уақыт киюге жарайтындығына қарап сатып алған. Ал соғыс жылдарында әйелдердің де, ер адамдардың да киімдері бірдей болған, және арнайы билет бойынша берілгенін жас буынның барлығы да біле бермейді. Осындай қиын жағдайлар мен уақыттың тығыздығы соғыстан кейінгі жылдарда моданың шыр айналуына алып келген.
Ер адамдардың киім үлгілеріне келсек, олар тіпті өзгермейді де, костюмдер мен аяқ киімдердің түрлерінің өзгеруі тіпті байқалмайды. Алайда, 1960-шы жылдардың еркіндігі, ер адамдарға еркін киім үлгісін сыйлады, оның тіпті адамдардың жүріс-тұрысына, түсінігіне әсер еткені белгілі. Тарих тағылымының осы кезеңінен бастап футболкалар мен джинсылар тіпті әйелдер мен ер адамдардың да заңды киім үлгісіне айналды. Байқауымша, соңғы уақыттарда қайтадан формалды киімдерге, әсіресе casual стиліне ауысу тенденциясы байқалуда.
Әйелдердің модасына оралсақ, тағы да бір үлкен өзгерістердің себебі бизнес болып табылады. Кезінде Париждағы киімдерге тек байлардың қолы жеткен болса, бүгінде оған қол жеткізу үлкен қиындық туғызбайды. Табысты бизнес бүгін жаппай сатылымға түсетін киімдерді сатуда болып табылады. Жаппай сатылымға түсетін киім үлгілері, аяқ киімдер сапалы жасалмайды. Олар бір киюге арналған болып тігіледі. Өзгерістердің тағы бір айқын себебі - әйедердің өзгерістерді жақсы көретіндігінде. Олар бір жылда бірнеше киім үлгілерін сатып алғанды ұнататыны белгілі.
Қорыта айтқанда, мода тіпті жарнамаға немесе политикалық қысымға да қатысты болуы мүмкін. Осыған орай, оны болжап білу мүмкін деп айта алмаймын. Ең бастысы киімдердің ыңғайлы, әрі жүрегіңізге жақын үлгіде болуы маңыздырақ.