Турагенттіктер ме әлде өзіңіз ойластырған демалыс па?
Туризм бүгінде күннен-күнге дамуда. Бұл демалыс өткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Бүгінгі күні ол - дамыған бизнес. Жалпы, әлемді шарлаудың сан-қилы жолдары бар, мысалы, реактивті ұшақтар, экспресс поездар, круизді лайнерлер, ыңғайлы автобустар, жеңіл көліктер және де көптеген тағы басқасы. Сіз өзіңізге ыңғайлысын таңдауға барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Бүгінгі күнде туризмнің қолжетімді болғанына қуанамын, себебі менде саяхатты ұнатамын. Жалпы демалысты ұнататын адамдарды екі топқа бөлуге болады екен. Кейбір адамдардың ойынша, арнайы туристтік агенттіктермен ойластырылған демалыстан артығы жоқ. Ал кейбірінің ойынша, керісінше, демалысты өзін ойластырған жөн деп санайды.
Елімізде барлығының көңілінен шығып жатқан, менің ойымша жұмыстары үздік деп саналатын бірнеше турагенттіктерді айта кетейін:
Millennium Travel турагенттігі Италия, Испания, Чехия, Великобритания, Франция, Германия, Швейцария, Греция елдеріне саяхат ұсынады. Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Израиль сияқты елдерге емделушілерді жіберіп, медициналық туризммен айналысады.
In Travel Компанияcы 2007 жылдан бастап жұмыстарын атқаруда. Вьетнамға, Хайнань аралдарына, Турцияға, Тайландқа, Индонезияға, Малайзияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Мальдиваның экзотикалық аралдарына, Сейшель аралдарына саяхат ұсынады. Корея, Қытай, Чехияның үздік медициналық орталықтарында қаралуға мүмкіндік береді. Қытай, Жапония, Корея, Камбоджа, Америка, Англия, Чехия, Италия мен Франция елдеріне экскурсиялық турлар ұсынады.
Бүгінгі күнде арнайы турагенттіктермен ойластырылған демалыстың артықшылықтары көп деп ойлаймын. Мысалға, демалыстың түрін және рейстер, тұрғын үйдің түрлері, барлығы да дайын, сізге тек жаныңызға жақынын таңдау ғана қалады. Сондықтан, бұл проблемалар жайлы мүлде бас қатырмауыңызға болады. Туристтік бюро сіздің орныңызға барлығын аз уақытта жасап береді. Сіз тек өзіңіздің қалауыңыз жайлы айтсаңыз болғаны. Және де туристтік компания барлық авиалиниялар, курорттармен байланыста болса, жақсы билеттер сатып алуға сіздің мүмкіндіктеріңіз жоғары болады. Сонымен қатар, кеңесшілері басқа елдер жайлы барлық мағлұматтарды біледі және сізге ең ұнамдысын таңдайды. Мысалға, ең үздік тағамдары бар ресторан немесе қызықты экскурсиялар жайлы. Осыған орай, сіздің демалысыңыз ыңғайлы болары сөзсіз.
Алайда, көп адамдардың ойынша, өзіңіз тапқан демалысыңыз, арзан және қызығырақ. Сіз ешкімнің айтуымен жүрмейсіз, және өзіңіз қалаған жоспармен уақыт өткізесіз. Және де көбісінің айтуынша, турситтік компаниялар бағаларды әлдеқайда жоғары қояды. Сондықтан адамдар саяхатын өзін ойластырса, барлығы да әділ болады дегенге кәміл сенеді.
Алайда, мен бұл пікірмен келісе кетпеймін. Себебі, мұның барлығы да адамның күш-қайратын алады. Арнайы қызметтерге жүгінудің орнына, өзіңіздің басыңызды қатыру сізге қажет пе?
Қорыта келе, әркім өз шешіміне сенімі мол. Бірақ, мен арнайы мамандар ойластырған саяхаттың әлдеқайда қызықты болатынына кәміл сенем.