Теннис жайлы

ЖУРНАЛ EXPOMODСпорт 16-июн-2020, 14:12 0 367
Теннис, нағыз есімі "үлкен теннис" ойыны екі қарсылас ойыншының немесе жұп ойыншылардың ракетка арқылы, белгіленген көлем мен салмақтағы допты тордан өткізіп, тіктөртбұрышты кортқа түсіру. Допты белгіленген көлемдегі ойын алаңына қайтара алмаған жағдайда, ұпай қарсылас ойыншыға немесе топқа беріледі. Теннис әлемдік деңгейдегі спорт басқармасы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) нақтылаған ережелерге сәйкес ойналады.    
Теннис ойыны алғашында үлкен теннис ретінде танылды, теннисты викториандық джентльмендер мен ледилер шөп кортта ойнағандықтан формалды түрде әліге дейін Британияда орналасқан. Ал қазіргі уақытта теннис әртүрлі кортта ойнала береді. Бұл ойынның шығу тарихы, XII-XIII ғасырдағы француздық "jeu de paume" аталатын гандбол ойынынан, ракетка мен доп арқылы ойналатын күрделі ойын нағыз теннис пайда болды. Ежелгі теннис түрін аз көлемде адамдар әліге дейін ойнайды және де Ұлыбританияда нағыз теннис, АҚШ та теннис корты, Австралияда корольдер теннисы деп аталады. 
Заманауи теннисты қазіргі уақытта клубтарда немесе қоғамдық корттарда миллиондаған адамдар ойнайды. Теннистың қатысушыларға және көрермендерге арналған спорт түрінде ең жылдам даму кезеңі 1960 жылдардың соңы, басты чемпионаттар кәсіпқой және әуесқой ойыншыларға ашық болған кезінде басталды. Және 1970 жылдары кәсіби турнир схемалары теледидардан көрсетіліп, белгілі атақты ойыншылардың кобеюі мен бәсекелестігі ойынның қызығушылығын арттырды.
Көптеген модаға және құрылғыларға арналған инновациялар теннис әлеміне үлкен көмек көрсетті. Теннис киімдеріне стиль мен бояулар қосу арқылы, демалысқа арналған мүлдем жаңа киім түрлері пайда болды. Тарихтан бері келе жатқан теннис добының ақ түсті болуы орнына, қазір әртүрлі түстерді қосу жүзеге асты. Әдетте стандартты көлем мен формадағы және ағаштан жасалған ракетканың орнына, көптеген көлем немесе материал түрін таңдауға мүмкіндік жасалды. Және де ең маңызды этап 1967 жылдан бастап ракетка қаңқасы металлдан және ыңғайлы көлемде болуы іске асырылды.
Әуесқой теннисшілер кез келген ойын дәрежесімен көңіл көтере алады, бірақ кәсіпқой тенниске келер болсақ бұнда шыдамдылық, стилистика және стратегиялық ойлау қабілетіне деген шеберлік керек. Қазіргі заманауи турнирлерге келетін болсақ, бұнда бірнеше миллиондық жүлде қоры ұсынылады. 
Тлеуханов Султан
incatalog.kz




Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок