Спорт дегеніміз не? Кейбір адамдар үшін спорт - ол адам мүмкіндіктерін34 шегінде күнделікті жаттығу жасау, кейбіреулер үшін – әуесқойлық, хобби, тек кейбір жандар үшін спорт – бұл өмір!
Біріншіден, спорт, денсаулық сақтау болып табылады. Денсаулық және бақыт - әр адам үшін қажетті болып табылады.
Денесі саудың рұхы сау, оны барлығы біледі. Спортпен айналысу денені нығайтады және жаман әдеттерден құтылуға көмектеседі, сонымен қатар физикалық қана емес рухани қасиеттерге ықпал ететінін білеміз. Бірақ біз жиі бұл туралы ұмытып кетеміз. Мүмкін жақсы көңіл-күйде болу үшін, әр күнді күлімдеп қарсы алып және жаттығу жасаумен бастау керк шығар? Әрине, өзіңді таңертең ерте тұрғызу қиын, тіпті бұл кенет пайда болған әдеттен бұлшық ет ауруы да мүмкін. Бірақ, күнделікті жаттығу жасау – бұл физикалық және рухани дами бастау, жаман әдеттен арылу, бір күндік режимді сақтауға деген бір қадам. Спортсмендердің айтуынша физикалық жаттығулар жан дүниеге, ойлауға әсер етеді. Спорт- бұл рахат алу, ақыл мен күштің үйлесімділігі. Спорт – бұл еңбек. Спорт – бұл денсаулық кепілі.
Спорттық ойындардың танымал түрлерін атап айтсақ футбол, хоккей, волейбол, баскетбол, теннис. Футбол біздің планетамыздағы адамдардың көпшілігі үшін №1 спорттың түрі болып табылады.
Демалыс - бұл әсер алудың өзгеруі. Адам он жылдап бір жерде өмір сүреді, сол баяғы адамдармен қарым-қатынаста болады, сол баяғы жұмысын істеп жүре береді. Бұл негізі адамға тән. Бірақ, кейде ол осының бәрінен шаршай бастайды, ол айналасын өзгертуге тырысады. Бұрын соңды сөйлеспеген адамдармен сөйлесу, оқымаған кітапті оқу, әрқашан армандаған бірақ болмаған елге бару осының бәрі демалу емес пе? Мысалы, Францияға тур сатып алу.
Демалу – бұл ұйқы. Егер адамның ұйқысы қанбаса, ол тез шаршайды, оның созылмалы ұйқы ауруына шалдығуы мүмкін, себепсіз тез ашуланатын бола бастайды. Бұл шын мәнінде қазіргі кезде өте көп кездеседі.