Аударма келісім шартында қандай талаптарға аса көңіл аудару керек?

ЖУРНАЛ EXPOMODОбразование 19-июн-2020, 19:35 0 579
Аударма келісім шартында қандай талаптарға аса көңіл аудару керек?
Аударма қызметі кәсіби қызмет болып табылады. Сондықтан, кез келген басқа кәсіби қызмет сияқты, жұмыскерлер мен клиенттер қызмет атқару үшін заңды түрде келісімшарт жасауы қажет. 
Азаматтық заң бойынша шартты  қатынастар қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге араласпаушылық, нұсқан келген құқықтардың қалпына келтіруі, оларды соттың қорғауын қамтамасіз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi.  
Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шарт арқылы тығыз байланысты. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. 
Аударма қызметінде клиент пен аудармашы міндетті түрде келісімшартқа тұруы тиіс. Әрине, егер адам тәжірибе жинау мақсатында, аударма саласымен енді- енді танысып жатса, оған көз жұма қарауға болады. Себебі ол ресми түрде аудармашылықпен белгілі бір жұмыс орнында жасамайды. Ал егер де кәсіби аудармашы клиентпен келісімшартқа тұрмаса, бұл оның біліксіздігі мен аңқаулығын білдіреді.   Өйткені бұл — айдан анық нәрсе. Аудрама саласында өте көп нюанстар бар. Егер оларды ескермесеңіз, сіз ұтымсыз жағдайда қаласыз. Ал ендеше, келісімшарт жасау себептерін атап өтейік:
Біріншіден, қызметтер ұсыну және тараптар арасындағы есеп айырысу тәртібі. Тапсырыс беруші аударылатын құжатты тапсырады және аударма қызметтерін ұсыну міндетін береді. Тапсырыста аударма жүзеге асырылатын тіл көрсетілуі керек. Тапсырыс беруші аударылған құжаттаманың дизайны мен форматына қойылатын талаптарды көрсетуге құқылы. Өйткені аударма сапалы болуымен қоса клиентті қанағаттандыру керек.
Екіншіден ескерілетін нәрсе — тапсырыстың бағалануы (есептеу): стандартты беттердегі көлем, жұмыс уақыты және шығын. Арнайы мекемелерде, не болмаса аударма бюроларында өзіндік шарттар, критерийлер және нормалар болады. Осыған орай әрбір тапсырыс қызмет көрсетуге арналған шартқа сәйкес орындалады. Яғни мәтін құрамына қарай орнықты төлеу соммасы, клиенттің қалауын ескеруіне орай қосымша бонустық баға және т.б.
Үшіншіден,тапсырыс беруші тапсырыстың құрамы мен көлемін өзгертуі мүмкін. Өзіңіз түсінгендей мұндай өзгерістер жұмысқа кедергі келдіреді. Қолайсыздық туындатқаны үшін сіз клиенттен компенсация сұрай аласыз, немесе, егер ол келісімшартта көрсетілген болса   соған сәйкес пунктті көрсетіп қосымша төлем сұратуға құқылы боласыз. Мысалы     «Flarus»  компаниясында атпсырыс құны төмендеген жағдайда, көрсетілген қызметтерге ғана ақы төленеді.
Төртіншіден, тараптардың конфедециалдық сақтау кепілдігі. Тапсырыс беру қабылдаған барлық құжаттар мен ақпарат құпия болып қалуына және олардың жария етілмейтініне сенімді болуы үшін келісімшартқа тұруды қажет етеді.
Бесіншіден, Келісімнің қолданылу мерзімін анықтау. Шарт шектеусіз және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Осы келісімшарт тараптардың бастамасы бойынша барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, сондай-ақ мемлекеттік қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
Қорытындыға келгенде, келісімшарт жасасу екі жақ үшін де қажет. Сонда клиент те, аудармашы да өзінің құқығын толықтай қорғап, шартқа сейкес нәрселерді талап ете алады. Және де ең бастысы келісімшарт аударма процессінің сәтті және еш кедергісіз өтуіне септігін тигізеді.
Асықпаева Айнұр
incatalog.kz 




Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок