Неліктен аудармашы кездесу жиынына уақытында келу керек?

ЖУРНАЛ EXPOMODОбразование 18-июн-2020, 16:45 0 335
Неліктен аудармашы кездесу жиынына уақытында келу керек?
Кім де кім болмасын, кездесулерде кешігуді ұнатпайды, лайықты қоғамда кешікуге болмайды. Кешігу — адамға деген сыйластықтың жоқтығын білдіріп қана қоймай, адамның уақытын бағаламауды білдіреді. Әсіресе аудармашылар үшін бұл — үлкен немқұрайлық пен кешірілмес қате.
Этикалық мәселелер негізінен тек ауызша аудармашының ғана емес, сонымен бірге референт аудармашының жұмысына да қатысты. Жалпыға ортақ екі салаға қойылатын талап ол —  тәртіпті болу, яғни жоспарланған іс-шараларға кешікпеу. Өйткені аудармашы — әлеуметтік маңызға ие маман. Оның міндеті — адамдар арасындағы түсінушілікке кедергі болу емес, ықпал ету.[«Раздел1. Введение в специальность переводчика. Тема3.Этика переводчика» мақаласынан]
Аудармашы өзінің міндеттерін білуі керек. Сондықтан компанияда аудармашымен оның барлық функциялары тізімделген және оларды орындағаны үшін төлем тағайындалатын келісімшарт жасалады. Сол себептен сіз жұмыс істейтін адамдармен сенімді қарым-қатынас орнатқаныңыз жөн. [Алексеева И.С. «Профессиональное обучение переводчика: учеб. пособие.»15-бет.] 
Ең басты да маңызды ереже бұл — ұқыптылық. Аудармашы кестеге сәйкес белгіленген жерде уақытында болуы керек. Негізінен, қатысушылармен және алдағы жұмыс орнымен танысып, жағдайды бағалау, барлық қажетті мәліметтерді нақтылау, аты-жөні және лауазымы бар қатысушылардың тізімін жасау үшін алдын-ала келген жақсы.
Танымал Ресейлік филолог әрі аудармашы Хаматованың айтуынша, этикетке сәйкес кез-келген жиналысқа 15 минут ерте келу керек. Бұл сізге дайындыққа қосымша уақыт береді. Аудармашы өзінің жауапкершілігінің жеткіліксіздігі жайлы бірден айту қажет, ал өзінен байқаған кемшіліктерін түзетуге тырысу керек. Мұндай жағдайда бәрін жасырғаннан гөрі, ашық мойындаса, ол басшылық пен әріптестерімен сенімді кәсіби қарым-қатынас орната алады. [Хаматова А.А. О курсе«Профессиональная этика переводчика».2011. 54-бет.]
Дегенмен де кешіккен жағдайда, бұл белгі сіздің кәсіби даярлығыңызға үлкен нұсқан келтіреді. Сізді жұмысқа алған адамда жауапкершілігіңізге деген күмән туады. Еске сала кетейін, аудармашы — екі жақты байланыстырушы тұлға, сондықтан кездесу барысында қандай болмасын жайыт болып қалса, ол сіздің мойныңызда болады. 
Мысалы, аудармашы кідіріп қалғандықтан адамдар оны күтпей кетіп қалды делік. Осы жағдайда сіз қалай кешірім сұрамааңыз да, іске аспай қалған шараны қайтара алмайсыз. Сонда ол тек сізге емес, сіздің басшылығыңызға да үлкен шығын. Мейлі бұл маңызы онша көп болмаған жиын болса да, келешекте сізді ешбір аудармаға қатыстырмай қалу мүмкін. Және бәріне себепкер болған сіз.
Я болмаса кешіккендіктің әсерінен сіз апыл-ғұпыл асығып, киіміңізді дұрыстамай қопырап келсеңіз, ол компания, фирма, тіпті мемлекет  репутациясын түсіреді, өйткені сіз белгілі бір жақты білдіріп отырған өкіл ретінде осындай жағымыз түрде келдіңіз. Оған қоса, стресстік жағдайға тап болып, сыртқы келбетіңізден, басшылықтың көңілін қалдырғаннан, маңызды кісілерді күттіргеннен, іс-шараны өткізіп ала жаздағаннан қобалжып, өзіңізді еркін ұстай алмай тұрсыз деп қарастырайық. Осыған қарамастан сіз жұмысқа кірісіп кеттіңіз, өйткені сіз аударуға міндетті тұлға екеніңіз айқын. Жоғарыда айтып өтілген салдардан сіз ойыңызды жинақтай алмай тұрсыз. Нәтижесінде, сіз дұрыс аудармай қате жібердіңіз. Егер аудармашы қателессе, онда бәрі құрыды дей беріңіз: шығарманың ақылды кейіпкері ақымақ ретінде көрінуі мүмкін, әйгілі бренд масқара болады, ел халықаралық аренада мәртебесін жоғалтады, я болмаса мемлекетаралық жанжал я түсініспеушілік туындайды.
Міне, сондықтан да аудармашыға уақытқа сейкес орында болу шарт. Әйтпесе өзіңіз оқығандай ақаулы жағдаяттар туындайды. Менің түсінігім бойынша, қандай да іс-шара болмасын аудармашы үшін маңызды кездесу.
Ескертпей кездесуге кешіксеңіз, бұл ешбір басшылықпен, компаниямен, лауазымды тұлғамен кешірілмейді, ал кідіріс уақытын дұрыс есептемей тағы да күткізіп қойсаңыз, қызметіңіз жайлы ұмыта беріңіз. Кез-келген кідіріс сіздің істеріңіз бен уақытыңыз күткізіп қойған адамдардың уақытынан әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді. Мен өз басыммен келешекте әрбір іс-шараға үлкен жауапкершілікпен қарап, ісімді кәсіби маманға сейкес орындаймын. Бұған менің еш күмәнім жоқ, себебі мен болашақ аудармашы ретінде өзімді, өзімнің болашақ кәсібімді және ең бастысы жұмысымды сыйлаймын.
Асықпаева Айнұр
incatalog.kz




Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок