Гуантанамода ұсталған адамның адвокаты: Дональд Рамсфелдке қастандық жасады деген айып тағылуы керек
Гуантанамода ұсталған адамның адвокаты: Дональд Рамсфелдке қастандық жасады деген айып тағылуы керек
Бұл мақала АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо абақтысында тұтқында болған адамның яғни Мухаммед Ульд Слахидің адвокатының айтуымен шыққан.
Жалпы бұл мақалда АҚШ-тың экс-қорғаныс министірі Дональд Расфелдтің қылмыстары туралы айтқан Мухаммед Ульд Слахи. “Мұнда адамдарға адам ретінде қарамайды, бір сағат бойы мұздатылған бөлмеге қамайды және тек тұзды су ғана береді, адамдары ұрып-соққаннан бөлек психологиялық және физикалық түрде қысым жасады” деп айтқан. Мухаммед Ульд Слахидің адвокаты «The Independent» газетіне берген сұхбатында: “Қинауға қарсы конденцияның мүшесі АҚШ басқада мемлекеттерден сол тұтқындарды қинаған және қинауға рұқсат берген адамдарды тұтқынға алсын деп талап еткен болатын. Және де Мухаммед Ульд Слахиды азаптап қинауға үкім шығарғандардың бірі Дональд Расфелдті адамдарды қинағаны үшін кінәлі деп жазаласын деген болатын.” Слахи мырзаның заңгерлік тобы жасалған қылмыстар туралы кітаптың редакцияланған нұсқасын алу үшін көптеген жылдар бойы күрес жүргізді. Бұл кітап АҚШ үкіметінің құпия құжаты ретінде жарияланды. Джон Ле Карр Гуантанамо туралы берілген есепті жаңартуды талап етті,сонымен қатар Слахиді бостандыққа шығарсын деген талап қойды. Актерлер Колин Ферт, Стивен Фрай және Риз Ахмед, сондай-ақ музыкант Брайан Эно және басқа актерлер, жазушы Элиф Шафак, бүгін 44 жастағы адамды босату үшін акция жариялады. Слахиді 1999 жылы Лос-Анджелестегі жарылысқа қатысы бар деп айып тағып 2002 жылы Гуантанамо-ға жіберді.
Нұрғабыл Жаснұр
incatalog.kz