Салауатты сұлулық 

ЖУРНАЛ EXPOMODКрасота 04-фев-2020, 13:39 0 439

Салауатты сұлулық 


Сіздің теріңіз, шашыңызбен тырнақтарыңыз сіздің денсаулығыңыз туралы және өзіңізді қалай сезінетініңіз жайлы көп айтады. Бірақ көптеген әртүрлі жарнамалар арқылы нағыз сау сұлулық деген не екенін ұмыту оңай. Сіз мұнда өз көзқарасыңызды тексеріп, жақсы сезіну және әдемі көріну туралы мамандардың кеңестерінен біле аласыз.

ОЛИВИЯ ДЕЛОНГ жазған:

Егер сіз жүйелі түрде аптасына бірнеше рет сұлулық салонына барып, шаш бояйтын, көлем қосу немесе өңдейтін болсаңыз, онда сіз шашыңыздың құрылымының өзгерістерін байқаған боларсыз. Бірақ сәндеу шашты өзгерте алатын жалғыз нәрсе емес. Гормоналды өзгерістер және гипотиреоз сияқты денсаулық жағдайлары шашыңыздың құрылымын, түсін және көлемін де өзгерте алады.

Шашыңыздың өзгеруінің себептерін, сондай-ақ оны қорғаудың тиімді әдістерін біліңіз.

Қартаю Меланин немесе пигмент - сіздің шашыңыздың түсін ашық немесе күңгірт болуына

себеп болады. Сіздің жасыңызға байланысты меланиннің мөлшері мен түрі өзгеруі қалыпты жағдай. Меланиннің екі түрі бар: қоңыр немесе қара шашты адамдарда көп мөлшерде кездесетін эумеланин; және қызыл немесе ақшыл шашты адамдарда негізінде феомеланин болып табылады.

Сіз, мүмкін білесіз, бала кезіңізде болған аққұба шаш есейгенде ашық-қоңырға айналуы мүмкін. Қартайған сайын денеңіз меланинді аз шығара бастайды, сондықтан шашыңыз сұр түске айналуы мүмкін. Сіздің меланин деңгейіңіз қандай болмасын, шашыңыздың түсі көңіліңізден

шықпаса, әрқашан қалаған реңкті таңдап бояуға болады. Жоғарғы температура

Тегістеу, бұйралау немесе кептіру - бұның бәрі сізге қажетті шаш үлгісі үшін қажет. Бірақ тұрақты түрдегі жоғарғы температура шашыңыздың құрылымына жақсы жағынан гөрі зиянын тигізуі мүмкін. Үтіктер мен үрлегіштерден болатын қатты жылу кутикуланың немесе шаштың

сыртқы қабатының астындағы суда көпіршік пайда болуын тудырады. Уақыт өте келе, бұл шаш кутикулалары сынғыш, құрғақ және әлсіз болады, нәтижесінде олар бұзылады. Зақым ұштарыңызда көбінесе байқалуы мүмкін. Шашыңызды мүмкіндігінше ауада өздігінен құрғатып, сәндеу құралдарында ең аз температура параметрін қолданыңыз. Шашты сүлгімен кептіргенде қатты сүртпей, жай ғана артық ылғалды кетіріңіз. Не істесеңіз де, ылғал шашқа түзеткіш немесе

бұйралағыш үтіктерді пайдаланбаңыз, әйтпесе шаш ұштары сынуы сөзсіз. Бояу Қартаю белгілерін жасыру үшін немесе түсі сәл ашық немесе ашық болғанын қалайтындықтан, біз шашты бірнеше рет бояймыз. Бірақ бірнеше ай сайын салондағы екі сағат сіздің шаш құрылымыңызды нашарлатуы мүмкін.


Жанабаева Ботагоз 410

 





Вам нужна Бесплатная консультация области SMM?

Заказать звонок